Әлеуметтік көмек
Қоғам • 08 Сәуір, 2021
Биыл көпбалалы отбасыларға 69,2 млрд теңге жәрдемақы берілді
2021 жылғы қаңтардан наурызға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 69,2 млрд теңгеге орта есеппен 437,2 мың отбасы қамтылды. 2021 жылғы наурызда жәрдемақының бұл түрін 444,3 мың отбасы жалпы сомасы 23,6 млрд теңгеге алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2021
СҚО: Жалғызбасты ана шенеуніктердің кесірінен мемлекетке қарыз болып отыр
Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер жалғыз басты аналарды жәрдемақыны заңсыз алды деп айыптады, деп хабарлайды Egemen.kz astanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда • 02 Сәуір, 2021
Елордада әлеуметтік көмек алуға өтініштерді қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылдың ІІ тоқсанына АӘК алу үшін өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қоғам • 17 Наурыз, 2021
Вице-министр мүгедектігі бар балалардың ата-аналарымен кездесті
Бірқатар қоғамдық ұйымның бастамасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің мүгедектігі бар балалардың аналарымен кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараға Парламент депутаттары Берік Әбдіғалиұлы мен Елнұр Бейсенбаев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
2021 жылы Қазақстанның 15 өңірінде мүгедектігі бар адамдарға түрлі көмек көрсету үшін «Ten Qogam» орталықтары ашылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы қызмет қорытындылары мен 2021 жылға арналған міндеттер бойынша кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Серік Шәпкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Шілде, 2020
30 мыңнан астам отбасы АӘК тағайындауды онлайн тіркеді
II тоқсанда 30 мыңнан астам отбасы eGov.kz порталы арқылы онлайн режимінде алғаш рет атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындауды ресімдеді. Мұндай мүмкіндік азаматтарға мемлекеттік инстанцияларда адамдардың жаппай жиналуын болдырмау және COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында берілді. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары қолданылуының барлық кезеңі ішінде АӘК алғаш рет тағайындау үшін азаматтар электрондық форматта өтініш бере алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz