20 миллион
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2023
2023 жылы еліміз қандай әлеуметтік жетістіктерге жетті?
2023 жылы еліміздің әлеуметтік саласында бірнеше жағымды жаңалық болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Қараша, 2023
20 миллионыншы балаларға тұрғын үй сертификаттары беріледі
Отбасы банк еліміздің бірнеше өңірінде дүниеге келген «20 миллионыншы тұрғын» атанған балаларға 2 000 000 теңгелік сыйлық сертификаттарын сыйлады. Мұндай қуанышты жаңалықты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады. Қаржы құрылымының жетекшісі бұл бүлдіршіндердің болашағына қосқан өз үлесіміз деп атап өтті.
Қазақстан • 16 Қараша, 2023
Атырауда дүниеге келген 20 миллионыншы сәбидің есімі – Мұхаммад
Еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған бес сәбидің бірі Атырау қаласында өмірге келді. Жұмағазиевтер отбасының тұңғыш сәбиінің есімі - Мухаммад. Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қалалық перинаталдық орталығына барып, ақжолтай қуанышқа кенелген отбасыны құттықтады. Сәбидің туу туралы куәлігін ата-анасына табыс етті.
Аймақтар • 16 Қараша, 2023
20 миллионыншы баланың әкесі 20 жаста
Қазақстан халқының санын 20 миллионыншы болып толықтырған сәбидің бірі - Ұлытау облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген. 20 миллионыншы тұрғын Ақылбек Томирис Сұңғатқызы үйінің тұңғышы, ата-әжесінің алғашқы немересі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 16 Қараша, 2023
Халықтың санымен бірге экономика да өсу керек - Серік Негимов
Бүгін ел тарихында елеулі оқиға болды. Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Ақжолтай ақпаратты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Сүйінші хабарды халқымыз зор қуанышпен қабылдады. Соның ішінде қоғам қайраткерлері мен желі белсенділері халықты құттықтауға асық. Осы орайда филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Серік Негимов те жүрек жарды тілегін жеткізді.
Президент • 16 Қараша, 2023
20 миллионға жеттік: Президент отандастарымызды ақжолтай жаңалықпен құттықтады
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Шілде, 2020
Microsoft корпорациясы жаңа жаһандық бастаманы жариялады
"Біз әлем бойынша 25 миллион адамға осы жылдың соңына дейін сандық дағдыларды меңгеруге көмектесу деген ниетпен бастама көтеріп отырмыз. Бастама COVID-19 пандемиясынан туындаған жаһандық экономикалық дағдарысқа жауап береді деп үміттенеміз. Сандық дағдылардың қолжетімділігі әсіресе жұмыс орнын жоғалтудан зардап шеккендер үшін экономиканы қалпына келтіруді жеделдетудің маңызды қадамы деп қабылдаңыздар", деп хабарлайды Egemen.kz