at
Референдум • 16 Наурыз, 2026
«AMANAT» партиясында референдум барысында жүргізілген қоғамдық бақылау жұмысы қорытындыланды
Бүгін жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі жалпыұлттық референдум барысына жүргізілген қоғамдық бақылау жұмысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті. «AMANAT» партиясының өкілдері тұтас ел аумағында жүргізілген ауқымды мониторинг деректеріне сүйене отырып, дауыс беру барысына жан-жақты талдау жасады. Референдум күні партия 22 мыңға жуық байқаушының жұмысын ұйымдастырды. Олар еліміздің барлық өңіріндегі сайлау учаскелерінде рәсімнің ашықтығын қамтамасыз етіп, қолданыстағы заң нормаларының қатаң сақталуын қадағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 11 Наурыз, 2026
IBF Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеуінен айырды
International Boxing Federation (IBF) халықаралық бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 KO) орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды. Сондай-ақ отандасымызға тиесілі болған чемпиондық белбеудің әзірге бос екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Ақпан, 2026
Америкалық The National Interest журналында Мемлекет басшысының мақаласы жарияланды
АҚШ-қа сапары аясында америкалық The National Interest журналында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 18 Ақпан, 2026
Арнайы жасақ жауынгері: Қазақстан әскери құрылымының дайындығы жоғары деңгейде екенін дәлелдедік
UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысы Қазақстан үшін толайым табыс, жарқын жеңістермен қорытындыланды. Арнайы жасақтар арасындағы «олимпиадаға» баланған дода биыл Дубайда өтті. Қажырлы қайрат, темірдей тәртіп, құралайды көзге атқан мергендік, жауынгерлік қабілет сыналатын сынға еліміз 5 құрама қосты. Төрткүл дүние көз тіккен халықаралық жарыстың 5 күнінде ел әскерилері қазақ сарбазына тән сайыпқырандықпен тосқауылдарды еркін еңсерді. Әлемнің 48 елінен 100-ден астам команда жиналған дүбірлі додада KAZAKHSTAN С құрамасы абсалютті чемпион атанса, А тобы екінші орынға табан тіреді. «Томирис» қыздар құрамасы ерлермен иық тірестіре сайысқа түсіп, әлемнің үздік 20 құрамасы сапынан табылды, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 13 Ақпан, 2026
Астана әуежайында Дубайдан олжалы оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды
Еліміздің арнайы жасақ сарбаздары әлемдік аренада ел мерейін үстем етті. Дубай қаласында өткен UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамалары үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Ақпан, 2026
Президент UAE SWAT Challenge-2026 жеңімпаздарын құттықтады
Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров телеграм арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Ақпан, 2026
UAE SWAT Challenge: Қазақстан арнайы жасақтары турнирдің алғашқы күнінде топ жарды
Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімше командалары UAE SWAT Challenge (Дубай, БАӘ) халықаралық турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді
Қазақстан шахматшысы Бибісара Асаубаева Нидерландтың Вейк-ан-Зее қаласында өткен Tata Steel Chess Challengers 2026 турнирін 5-інші орынмен аяқтап, беделді супертурнирде сенсациялық нәтиже көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
ChatGPT-де жарнама пайда болады
Алдағы уақытта ChatGPT қолданатындар жарнаманы көре бастайды. OpenAI компаниясы чат-боттың тегін нұсқасында және Go моделінде жарнама көрсетілетінін ресми түрде хабарлады. Бұл туралы компания өз сайтында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 22 Қаңтар, 2026
ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды
ChatGPT кәмелетке толмаған пайдаланушыларды қорғауды күшейту мақсатында олардың жасын автоматты түрде айқындайтын жүйені іске қосады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
ChatGPT әзірлеушісі банкрот алдында: OpenAI 40 млрд доллар шығынға батуы мүмкін
ChatGPT әзірлеушісі 2027 жылдың ортасына қарай табысын арттырмаса немесе жаңа инвестиция тартпаса, банкротқа ұшырауы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 12 Қаңтар, 2026
Александр Бублик әлемдегі ең үздік 10 теннисшінің қатарына енді
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик мансабындағы елеулі жетістікке қол жеткізді. Ол Гонконгта өткен ATP 250 турнирінде жеңіске жетіп, әлемдік рейтингте үздік 10 теннисшінің қатарына енді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
WhatsApp-та кибералаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы WhatsApp мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Желтоқсан, 2025
Ресейде Whatsapp жұмысына шектеу қойылды
WhatsApp өкілі Ресейде мессенджердің жұмысына шектеу қойылғанын растады. Соған қарамастан, қосымша Ресей Федерациясында ең танымал байланыс құралы болып қала беруде. Әсіресе ата-аналар мен жұмыс топтарының чаттары ресейліктер арасында кеңінен қолданылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 17 Желтоқсан, 2025
OpenAI суретті асқан дәлдікпен салып беретін ChatGPT Images-ті іске қосты
Америкалық OpenAI компаниясы жасанды интеллект көмегімен сурет салуға арналған ChatGPT Images моделін таныстырды. Жаңа құралдың жұмыс істеу жылдамдығы төрт есе артып, 16 желтоқсаннан бастап барлық пайдаланушыларға қолжетімді болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2025
Депутат Еділ Жаңбыршин жиналыс үстінде ChatGPT-мен ақылдасып, әріптестерін таңғалдырды
Мәжілістегі қалдықтарды қайта өңдеу нормаларына қатысты талқылау кезінде депутат Еділ Жаңбыршин жасанды интеллекттен алынған деректерді дәлел ретінде ұсынып, министрлік өкілдерінің ұсынған тәсілін сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 08 Желтоқсан, 2025
Енді Whatsapp-тағы хаттамалар да заңды күшке ие болады
Депутат Мұрат Әбенов мессенджерлердегі хат алмасулар мен дауыстық хабарламаларға заңды күш берілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 05 Желтоқсан, 2025
Іле Алатауында бәйшешек гүлдеді
Қызыл кітапқа енген Алатау бәйшешегі (Crocus alatavicus) қыста гүлдеді. Бұл туралы Іле Алатау ұлттық паркінің баспасөз қызметі хабарлады. Әдетте бәйшешектің бұл түрі наурыз немесе сәуір айында ғана гүл ашқан, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 25 Қараша, 2025
OpenAI енді пайдаланушыларға ChatGPT ішінде топ болып сөйлесуге жол ашты. Бұл қызмет достардың, әріптестердің, тіпті отбасының ортақ чатта жиналып, ой бөлісуіне, жоспар құруына және құжат дайындауына ыңғай жасайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қараша, 2025
Даулы жағдайға тап болған Tesla Education орталығы мәлімдеме жасады
Tesla Education оқу орталығының айналасындағы шу күшейіп, Астана мен Алматыдағы бөлімшелерінің жабылуына және ақшасын қайтара алмаған жүздеген ата-ананың шағымына байланысты компания алғаш рет ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ән • 14 Қараша, 2025
Иманбекке Latin Grammy Awards сыйлығы бұйырмады
13 қарашада Лас-Вегастағы MGM Grand Garden Arena сахнасында португал және испан тілдеріндегі музыкалық жетістіктер үшін берілетін беделді Latin Grammy сыйлығының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 12 Қараша, 2025
WhatsApp жаңа функция енгізілгенін жариялады
WhatsApp чаттарды тазалау функциясын енгізіп, хабарламаларды немесе белгілі бір категориядағы медиа файлдарды жою мүмкіндігін қосып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 10 Қараша, 2025
ERG Skills International байқауы жастар мен мамандарды біріктірді
Ақсу қаласында тау-кен металлургия кешеніндегі 160-тан астам маманды, студенттер мен тәлімгерлерді біріктірген ERG Skills International халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқау Жұмысшы мамандықтар жылы аясында WorldSkills стандарттары бойынша ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 05 Қараша, 2025
ChatGPT енді медицина, құқық және қаржы салаларына қатысты кеңес бермейді
OpenAI компаниясы ChatGPT қызметіне жаңа шектеулер енгізді. Енді нейрожелі медицина, құқық және қаржы салалары бойынша нақты кеңес ұсынбайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
«AMANAT» партиясы азаматтарға кешенді қолдау жүйесін іске қосты
«AMANAT» партиясы әлеуметтік, экономикалық және білім беру саласындағы азаматтық мәселелерді кешенді шешуге бағытталған жаңа сервистік платформаны іске қосты. Жүйе халыққа қаржылық қиындықтан шығуға, кәсіп бастауға және жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2025
Келер жылы 2 689 ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанның 6 179 елді мекенінің 119 қаласы мен 4 906 ауылы байланыспен қамтамасыз етілген, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 16 Қазан, 2025
Қанат Бозымбаев Оңтүстік Кореяда өткен роуд-шоуда Alatau City жобасын таныстырды
Сеул қаласында өткен «Alatau Rise With Kazakhstan» инвестициялық форумында Қазақстан тарапынан бірқатар маңызды бастамалар жария етіліп, ҚР Премьер-министрі Қанат Бозымбаев жаңа Alatau City жобасын таныстырды. Форумға Қазақстан тарапынан Caspian Group компаниясының төрағасы Юрий Цхай және жобаның инвестициялық серіктесі – Alatau City Bank акционері Вячеслав Ким қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 09 Қазан, 2025
Қазақстандағы 5 ЖОО әлемнің үздік университеттерінің тізіміне енді
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Қазақстан жоғары білім беру саласында алғаш рет әлемдік көшбасшылардың қатарына қосылған. Times Higher Education World University Rankings 2026 рейтингінен еліміздің 5 ЖОО көрінген, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 24 Қыркүйек, 2025
Алматыда сериал фестивалі ашылды
Алматыда Орталық Азиядағы тұңғыш индустриялық сериалдар фестивалі – Almaty Series Festival өз шымылдығын ашты. Алғашқы көрсетілімде отандық «Қазақтың қорқынышты ертегілері» атты туындының үш сериясы ұсынылды. Dark fantasy жанрындағы бұл жоба – қазақстандық кинематографияда теңдесі жоқ еңбек. Фильмнің әлемдік премьерасы Канададағы Fantasia International Film Festival аясында өтіп, халықаралық сыншылардан жоғары баға алған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Қыркүйек, 2025
Үкіметте АӨК саласындағы жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов LuLu Group International компаниясының негізін қалаушы Юсуф Али Мусалям Виттиль Абдул Кадермен кездесті. Кездесуде агроөнеркәсіп кешенінде және сауда саласында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.