Редакция таңдауы
Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды: Мүлікті кімдер сатып ала алады?
Қайырымдылық қаражатын жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайраттың Mercedes-Benz S450 көлігін аукционға қою туралы хабарландыру жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Бүгін, 12:44
Тестілеу кезінде ережелерді бұзған 82 талапкердің нәтижелері жойылды
2026 жылғы 2 наурызда басталған Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) бүгінгі күнге дейін 117 мыңнан астам талапкер тапсырды. Олардың 71,6%-ы – тестілеуді қазақ тілінде, 28,3%-ы – орыс тілінде, ал 111 адам ағылшын тілінде өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін, 10:09
Өңірде энергия тапшылығы болмайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға сапары барысында өткен облыс жұртшылығымен кездесуде 70 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген Кентау жылу энергия орталығын жаңғыртуға қомақты қаржы бөлінгенін атап өтті. «Сондай-ақ тағы бір маңызды мәселе – облыста салынып жатқан бу-газ қондырғысының құрылысын тездету керек. Жұмыс созылып кетті. Үкіметке және «Самұрық-Қазынаға» осы мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырамын», деді Президент. Осы орайда Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді.
Бүгін, 09:00
Құқықтық мемлекеттің берік іргетасы
Дүйім халықтың дауысымен қабылданған Ата заңымыз жаңа тарихи кезеңнің есігін айқара ашты. Бұл – саяси, құқықтық әрі әлеуметтік жаңғыру мен өркендеудің игі бастауы. Сарапшылар жаңартылған Негізгі құжат әсіресе құқықтық мемлекеттің берік негізін қалайтынын айтады.
Бүгін, 08:58
Алматы Кремний алқабына айнала ма?
Бүгінде сарапшылар Алматы – Орталық Азияның технологиялық кәсіпкерлік орталығы ретіндегі өз ұстанымын күшейтіп жатыр деген пікір айтады. Болжам бойынша, оның аймақтық жалпы өнімдегі үлесі алдағы 4–5 жылда 5 пайызға жетуі мүмкін. Әсіресе сауда, қызмет көрсету моделінен алшақтап, технология мен адами капиталға баса көңіл бөліне бастады. Егер осы мақсатқа жетсе, іскерлік қаласы аймақтық инновациялық мәртебесін бекітіп, инвестиция тарту мүмкіндігін арттыра түспек.
Бүгін, 08:40
Әр жолы Наурыз мерекесіне арналған сурет көрмелеріне бара қалсақ, жанымызға жылы ұшырайтын бір шығармамен жүздесеміз. Ол – қазақ бейнелеу өнерінің көркем шежіресіне енген дәулетияр дарын иесі Айша Ғалымбаеваның «Дастарқан» деп аталған туындысы. Бұл картинаға көз суарған көрермен өзін бір сәтке қазақы шаңырақтың төріне енгендей сезінеді.
Бүгін, 08:33
Әйгілі актриса Фаина Раневская бір сөзінде: «Мен бәрінен де адамның бойындағы талантты жақсы көремін. Бірақ дарынсыздар да жетіп артылады. Мен «ойнау» деген сөзді түсінбеймін, тіпті мойындамаймын да. Балалар ойнасын, музыканттар ойнасын. Ал актер сахнада ғұмыр кешуі керек» деген еді. Бұл – актерлік өнерге қойылған ең қатал әрі ең әділ талаптардың бірі. Осы сөзді бүгінгі сахнамен салыстыра қарасақ, мәселе таланттың бар-жоғында емес, сол таланттың қандай тереңдікке жетіп жатқанында екені анық байқалады.
Бүгін, 08:28
Әсілінде өлім ақиқат болғанымен, оны тіршілік иесі әрқилы қабылдаса керек. Тағдырдың таусылмас тауқыметке толы бұралаң жолы ақындардың да өзегін ащы өксіктей тілгілейтіні даусыз. Тіршілігінде қара өлеңнің қайнарынан қанып ішкен сөз зергерлері де өлеңге өлім күйін енгізіп, жүрегіне ауыр жүк артқанын олардың есті поэзиясынан аңғарамыз. Әрине, әркімнің тағдыры әрқилы ғой.
Бүгін, 08:18
Ақтөбе облысы биыл су тасқыны қаупі орташа деңгейдегі өңірдің қатарына енді. Оған қыста түскен қардың аздығы, жердегі тоңның жұқалығы сынды бірнеше себеп бар.
Бүгін, 08:12
Мораторий аяқталды: Енді – нақты тариф саясаты
2026 жылғы 26 наурызда Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті мораторий аяқталғаннан кейінгі тарифтік саясат мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдар, сарапшылар және қоғам өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Кеше
164 млн теңге шығын: Алматыда жүк көліктерін заңсыз тіркеген ХҚКО-ның қызметкерлері сотталды
Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс аяқталып, сот үкімі шықты. Алматы қаласы прокуратурасының мәлімдеуінше, олар жүк көліктерін жалған құжаттар арқылы заңсыз тіркеп, мемлекетке ірі көлемде шығын келтірген, деп жазады Egemen.kz.
Кеше
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series турнирінің алғашқы кездесуінде Намибияны жеңді. «Астана Арена» стадионында өткен ойын 2:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
Президент: Мемлекет паралимпиада қозғалысын қолдауға айрықша мән береді
Қасым-Жомарт Тоқаев баршаға тең мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстан құрылып жатқаны туралы ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
«Таза Қазақстан»: Астанада 483 жүк көлігінің жүргізушісіне айыппұл салынды
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде полицейлер қоршаған ортаны қорғауға бағытталған рейдтік іс-шараларды күшейтіп, ондаған мың құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
Иран Сыртқы істер министрі: Достас елдер үшін теңіз жолы ашық
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи жаһандық және аймақтық жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
Елімізде 3 жаңа су электр станциясы салынады
Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» мекемесі Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасы, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасы мен Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын су электр станцияларын (СЭС) салу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Кеше
Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?
30 наурыз-10 сәуір аралығында Моңғолия астанасы Ұланбатырда World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан бокс федерациясы дүбірлі додада ел намысын қорғайтын былғары қолғап шеберлерінің тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Кеше
Қазақстан мұнай өңдеу қуатын 2 есеге арттыруды көздеп отыр
Халықаралық CERAWeek конференциясында Қазақстан мұнай-газ саласын дамытудың негізгі бағыттарын ұсынды. Іс-шара барысында елдің жаһандық энергетика нарығындағы орны мен алдағы жоспарлары кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Наурыз, 2026
Еріктілер «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын қолдауға шақырды
Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен су саласындағы алғашқы еріктілер қозғалысы «Болашақтың қайнары» құрылды. Оның құрамына Тараз қаласындағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің студенттері енді. Осындай еріктілер топтарын еліміздің басқа өңірлерінде де құру жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
23 Наурыз, 2026
Елімізде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы басталды
Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы басталды. Акцияның ұйымдастырылуы Наурызнама онкүндігінің Тазару күнімен тұспа-тұс келіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
23 Наурыз, 2026