Редакция таңдауы
Қысқы Бурабай несімен қызықтырады?
Қаңтарда бура жарап бабына келсе, қар бір түскенде Бурабай да жаңа бір түрге еніп, жадырап сала береді. Әр тасы аңыз, жұмақ та жұмбақ мекеннің мұндай тылсым сырлары толып жатыр. Сол әсем сұлу көркімен, алыс-жуыққа жеткен дабыралы даңқымен саяхаттаушыларды саясына магнитше тартып тұрған Бурабайдың қысқы көрінісі өз алдына көлдей әңгіме.
19 Желтоқсан, 2024
Ғалам ғажаптары: 6 жасар чемпион
Небары 6 жасында әлем чемпионы атанған Екібастұз тұрғынына Президент сыйлығы табыс етілді. Хадия Қонаева өткен айда Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде 11:0 есебімен таза жеңіске жетті.
19 Желтоқсан, 2024
Ыстанбұлдағы Ататүрік мәдениет орталығында «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қойылымы Жошы ұлысының 800 жылдығына арналды.
19 Желтоқсан, 2024
«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты «Жақсы-Есіл-Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Желтоқсан, 2024
Отбасындағы озбырлық: себебі, салдары, сабағы
Қоғам ізгілігінің өлшемі, өркениеттің нышаны, қала берді жай ғана адамдықтың белгісі – әйел баласына деген қамқорлық пен құрметтен көрінетінін бүгінгінің көзі ашық адамдарына айтып отырудың өзі әбестік. Өкінішке қарай, әлімжеттіктің тақсіретін тартып келе жатқандар жетіп артылады. «Өз үйіңнен жау шықса, қашатын жер табылмас» дегендей, тағдырдың азабы мен азарын өзгелерден емес, өз жақындарыңнан көруден асқан қасірет жоқ. Ал өтіп бара жатқан жылда қоғамды дүр сілкіндірген оқиғалар әлеуметке қаншалықты сабақ болды?
18 Желтоқсан, 2024
Ең үлкен қауіп – қауіптің бар екенін сезбеу. Ал қаржы секторы сергелдеңге көп түседі. Сондықтан бұл салада болжам мен бағам жиі жасалады. Жыл соңына таман кезекті шолуын жариялаған Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) келер жылы кедергі көп болуы мүмкін дейді. Негізгі тәуекел мұнай бағасының төмендеуі мен сыртқы нарықтағы өзгерістен туындауы ықтимал. АҚШ-та тақтатас мұнайын өндірудің ұлғаюы, ОПЕК+ елдерінің жаңа келісімдері елдегі шикізат бағасына әсер етпек.
18 Желтоқсан, 2024
Инфрақұрылымды дамытудың серпінді стратегиясы
Биыл ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Негізгі міндеттер қатарында логистика мен көлік коммуникацияларын жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, шалғай және ауылдық елді мекендердегі азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мәселесі айқындалды.
18 Желтоқсан, 2024
Желтоқсан көтерілісін басып-жаныштау кезінде «ерлік пен құрметке бөленгендер» жетіп артылады. «Ерліктің» ең үлкені Қызыл Жұлдыз орденіне ие болыпты.
18 Желтоқсан, 2024
«Көтеріліске қатысқанымды дәлелдегім келеді»
Газет редакциясына Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы Марат Мырзабеков атты азамат келді. Ол 1986 жылы кеңестік тоталитарлық жүйеге қарсы бас көтерген қазақ жастарының арасында болғанын, сол оқиғадан кейін оқудан шеттетіліп, әскерге кетіп, жазадан аман қалғанын айтады. Азаттыққа ұмтылған жастардың арпалысқа толы күндері туралы куәгердің әңгімесін оқырман назарына ұсынамыз.
18 Желтоқсан, 2024
Ақылды технология су тапшылығының алдын алады
Елімізде су тапшылығы жыл өткен сайын күрделеніп, көптеген салаға әсерін тигізіп жатыр. Елдегі өзен ағысының 44%-ы шет мемлекеттерде қалыптасатындықтан трансшекаралық су ресурстарына тәуелділік артып, жағдай одан әрі қиындап отыр. Болжамдарға сүйенсек, 2030 жылға қарай су тапшылығы 15%-ға жетуі мүмкін, ал жаңартылатын су қорлары 40%-ға дейін азаяды. Сарапшылардың сөзінше, су тапшылығының салдарын жеңілдету үшін жаңа технологияларды қолдану қажет.
18 Желтоқсан, 2024
Tik-tok тренд немесе төрт аяқтыға табынғандар
Жан-жануарларға еліктеп, төрт аяқтының кейпіне еніп, тірлік кешіп жүрген жасөспірімдер көбейді. Бұл – Tik-tokтан басталған жаңа тренд. Еліктеушілер қоғамдық орындарда көзге көп түсе бермегенімен, мегаполистерде арагідік бой көрсетіп жүр. Оны әлеуметтік желілерден байқап қаламыз. Содан кейін де қоғамның қызу талқысына түсті.
18 Желтоқсан, 2024
Мемлекеттік бюджеттің кірісі 19 трлн теңгені құрады
Бүгін Үкімет отырысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкімет отырысында 2024 жылдың 11 айындағы қаржылық көрсеткіштерді баяндады, деп жазады Egemen.kz.
17 Желтоқсан, 2024
Қазақстанға Гвинея-Бисау Президенті ресми сапармен келеді
18 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді, деп жазады Egemen.kz.
17 Желтоқсан, 2024
«Атырау-Астрахань» автожолын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Республикалық маңызы бар «Атырау – РФ шекарасы (Астраханға) автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. 272 шақырымдық учаске жұмыстары 2018 жылы басталып, Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесі есебінен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Желтоқсан, 2024
2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылым жоспары әзірленді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген инфрақұрылымды жаңғыртудың кешенді тәсілі – маңызды бағыттардың бірі, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Желтоқсан, 2024
Толағайлар олжасы – 2 алтын, 1 күміс
Бахрейннің Манама қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды. Жерлестеріміз 2 алтын, 1 күміс медаль олжалады.
16 Желтоқсан, 2024
«Ардагерлер ұйымы» жастар тәрбиесіне алаңдайды
Астана қаласындағы «Rixos President Astanа» қонақүй кешенінің «Дихолл» мәжіліс залында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Жастар тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы» атты кеңейтілген төралқа отырысын өткізді. Төралқа жиынына барлық облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан ардагерлер кеңестерінің басшылары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ғылым және жоғары білім, Мәдениет және ақпарат вице-министрлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар қатысты.
16 Желтоқсан, 2024
Биылғы 1 наурыздан елімізде уақыт белдеуі бір жүйеге келтірілді. Мұның мемлекеттік қызметке, жолаушылардың әрі-бері жүруіне, тағы басқа да тиімді тұстары болғанымен, шығыстағы облыстардың тұрғындарына біршама қолайсыз екені айтылып, қоғамда әлі де талқыланып жатыр.
16 Желтоқсан, 2024
Биылғы жыл еліміздің су секторын реформалау мен дамытудағы маңызды кезең болды. Көктемдегі жойқын тасқын судың тіршілік нәрі ғана емес, абайламаса, алапат қаупі де барын тағы бір мәрте еске салғандай. Өткеннің сабағы еліміздің су ресурстарын басқару жүйесін реформалауға негіз болғаны анық. Саладағы өзгерістер суды тиімді пайдалануға, сондай-ақ климаттың өзгеруі жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
16 Желтоқсан, 2024
«Егеменнің елдік жолы»: Бас басылымның 105 жылдығы аталып өтті
Бүгін Астанада «Достық үйінде» «Egemen Qazaqstan» газетінің 105 жылдығына орай «Егеменнің елдік жолы» атты форум өтті. Шара басталмас бұрын меймандар музейге қойылған Ұлттық архив құжаттарын және кітап көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Желтоқсан, 2024