Редакция таңдауы
Мемлекеттер басшылары «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қараша, 2025
Президент: Біздің ведомстволар түрлі жоспарлар мен жол карталарын әзірлеумен әуестеніп кетті
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қараша, 2025
Әр қазақ домбыраны ұлт құндылығы ретінде қадірлеп, төріне іледі. Жақында Президент Жарлығымен ұлттық музыкалық аспап нышаны ретінде бекітілді. Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде әр кезеңде жасалған 80-нен астам домбыра сақтаулы тұр. Әр домбыраның өзіндік тарихы бар. Құндылығы жоғары аспаптың бәрі дерлік – ұлт руханиятының дүлдүлдері, қазақ өнерінің қайталанбас дарабоздары ұстаған домбыра.
14 Қараша, 2025
«Aleem» «duolingo»-ны артта қалдырды
Қазақ жастары әзірлеген «Aleem» атты ағылшын тілін үйрететін мобильді қосымша Қазақстан «App Store» рейтингінде әлемге әйгілі «Duolingo»-ны басып озып, бірінші орынға шықты. Бұл жетістікке жоба ешқандай инвестициясыз, жарнамасыз және шағын командамен ғана қол жеткізген.
14 Қараша, 2025
«Digital Business» пен «Astana Hub» бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы аясында небір мықты жобалар таныстырылып жатыр. Солардың ішінде ерекше көзге түскені – Ерсұлтан Ермановтың «TrustExam.ai» стартабы. Емтихан кезінде айласын асырғысы келгендерді қалт жібермейтін осы бір технология көпшілік көңілінен шығып отыр.
14 Қараша, 2025
Алматыны «ақылды» технология басқарады
«Таза Қазақстан» акциясы еліміздегі көптеген игілікті істің бастауына айналды. Жақында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп «Алматы 2035: таза ауа және тұрақты инфрақұрылым» форсайт-сессиясын өткізді. Бұған дейін ҰҒА еліміздің аумақтарында бірқатар форсайт-сессия өткізіп, оның барысында зерттеу нысанына ілікпеген, дамуға мұқтаж салаларды зерттеді. Бұл жолғы форсайт-сессия қала экологиясындағы түйткілді жағдайды нысанаға алып, экожүйе, қауіпсіз орта міндеттерін талқылады.
14 Қараша, 2025
Астана мен Бішкек арасындағы стратегиялық серіктестік
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Астанаға жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев Қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің 13-отырысы шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады.
14 Қараша, 2025
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, депутаттар бірқатар халықаралық келісімді ратификациялады.
14 Қараша, 2025
Нұрмаман ОҚАС: Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейіп келеді
Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оның ғылым, білім саласында қолдану аясын кеңейту – басты бағыт. Бұл ретте Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының атқарып отырған жұмысы қандай? Бүгінгі сұхбатта аталған басқарманың тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрмаман Оқаспен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, өрісін кеңейту жолындағы жұмыстар жайын сөз еттік.
13 Қараша, 2025
Төрт түлік аман болсын десек...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында «Ветеринария мен фитопатологияның кенжелеп қалуы агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілетін айтарлықтай шектеп отыр. Осы мәселеге айрықша назар аударған жөн» деп атап көрсетілді.
13 Қараша, 2025
Қазіргі жаһандану мен толассыз ақпарат ағынында патриотизмнің мазмұны өзгерді. Бұрын Отанға деген сүйіспеншілік көбіне әскери сипатта не тарихи оқиғалармен байланыстырылып айтылса, бүгінде әр азаматтың өз саласында адал еңбек етуі, әділдікке ұмтылысы, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініп, ел дамуына шынайы үлес қосуы нағыз патриотизм саналады.
13 Қараша, 2025
Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында еліміз құрамасының қоржыны тағы бірнеше жүлдемен толықты.
13 Қараша, 2025
Бүлдіргіні тыятын заң мақұлданды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар бірнеше жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдап, екі кодекске бірқатар түзету енгізді. Бұған қоса Мәжіліс балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауға қатысты жаңа нормаларды мақұлдады. Яғни енді елімізде педофилия мен ЛГБТ-ны насихаттауға заңмен тыйым салынбақ. Сондай-ақ төменгі палата Сенат енгізген түзетулермен келісіп, фонограмманы пайдалануды шектеу туралы заңды мақұлдады.
13 Қараша, 2025
1 қаңтардан бастап зейнетақы жарнасы жүйесінде қандай өзгеріс болады?
2025 жылғы 7 қарашадағы Үкімет қаулысымен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қараша, 2025
Геологиялық саланы дамыту – өнеркәсіптік өрлеудің негізі
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында геология мен жер қойнауын пайдалану саласын дамыту, цифрландыру шаралары талқыланды. Күн тәртібінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мен теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселесі де қарастырылды.
12 Қараша, 2025
Орал қаласында Қазақстан мен Ресей мемлекеттері арасындағы XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Форум жұмысы екі күнге созылып, бүгін аяқталады. Оның жұмысына екі ел президенттері онлайн қатысады деп күтіліп отыр.
12 Қараша, 2025
Есет Көтібарұлы – Батыс зерттеуінде
Орталық Азияны зерттеуші ғалым, британ қаламгері Деметриус Чарльз Де Кавана Боулгердің (1853–1928) «Орталық Азия портреттері» атты 1880 жылы Лондонда жарық көрген зерттеу кітабында Досмұқамед ханнан Якоб ханға дейінгі аралықтағы Орталық Азия тұлғаларының өмірі мен деректері, олардың ұлт азаттық күресі жолындағы еңбектері нақты дәлелдермен жазылғанын аңдадық. Осы еңбекте автор қазақ батыры Есет Көтібарұлына бір тарау арнайды.
12 Қараша, 2025
Мәскеу сапары: Достық пен өзара сенімге негізделген диалог
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды. Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді. Президентті Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
12 Қараша, 2025
Құмға бөккен Құлынжон қорығынан басталатын Самар ауданының аумағы Ертісті жағалай барып, паром өткелімен бітеді. Бас-аяғы 106 шақырымға созылған құмды жағалау жаздың күні суға түсіп, тынығуға таптырмас орын. Тоғыз жолдың торабында жатқан аудан орманға да бай. Теңіздей толқыған егістігі көз арбайды. Ауданның түкпіріндегі «Одесса» паромы сынды су жолы еліміздің басқа өңірлерінде бар ма екен десеңізші.
12 Қараша, 2025
Көлік жүйесін басқарудағы жаңашылдық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда елдегі көлік жүйесін басқарудың жаңа моделі қажет деп баса айтты. Бүгінде елімізде 13 мың километр автожол салынып әрі жөнделіп жатыр. Сондай-ақ Президент Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымалдау уақытын 3-тен 1 бөлікке қысқартатын Сексеуіл – Бейнеу жолының құрылысын жеделдетуді тапсырды.
11 Қараша, 2025