Редакция таңдауы
Әлемге сенім мен ашықтыққа негізделген консенсус қажет
Осы күндері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-сессиясы жаһандық күн тәртібінің басты оқиғасына айналғанын көріп отырмыз. Дүниенің әр түкпіріндегі мыңдаған адам саммит алаңдарындағы кездесулер мен сөйлеген сөздерге ерекше ден қойып, әлем көшбасшыларынан Жер шарын бейбітшілік пен келісімге бастайтын жаңа шешімдер күтті.
25 Қыркүйек, 2025
Қазақ-қырғыз бауырластығы – бабалар аманаты
Алатаудың арғы-бергі бетін тең жайлаған қазақ-қырғыз бауырластығы – сан ғасырға жалғасқан достық пен жанашырлықтың жарқын үлгісі. Бейбіт өмірдің қызығын бірге кешкен екі жұрт ел басына күн туған қиын шақта да бір-біріне тірек бола білді. Ал бүгінде тәуелсіз мемлекеттер ретінде байланыстарын жаңа белеске көтеріп, өзара ынтымақ пен бірлікке бастайтын іс-шараларда бас қосып келеді. Соның бірі – көп жылдан бері өтіп келе жатқан Қазақ-қырғыз зиялыларының форумдары.
25 Қыркүйек, 2025
Қауіпсіздік архитектурасын қалпына келтіруге шақырды
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы Жалпы дебатта сөз сөйледі. Мемлекет басшысы халықаралық қоғамдастыққа арнаған мазмұнды және маңызды үндеуінде қазіргі таңдағы өзекті сын-қатерлерге назар аударып, Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік, орнықты даму және цифрлық өзгерістер саласындағы бағдарына ерекше тоқталып өтті.
25 Қыркүйек, 2025
Кейінгі жылдары елімізде ауыл халқы азайып, қала тұрғындары көбейіп келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы 12,9 млн халық қалада, 7,4 млн тұрғын ауылда тұрып жатыр.
25 Қыркүйек, 2025
Халықаралық қатынастағы әлеуетіміз айшықталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында жаһандық күн тәртібіне қатысты маңызды ой-толғамын ортаға салды.
25 Қыркүйек, 2025
2026 жылдан бастап кімдер ҚҚС -тан босатылады
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов 2026 жылдан бастап ҚҚС-тан кімдер босатылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2025
Президент БҰҰ мінберінен Қазақстанның әлеуеті мен ұстанымын анық байқатты - Ерлан Қарин
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында маңызды сөз айтып, жаһандық күн тәртібіне қатысты көзқарасын білдірді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Тelegram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2025
Маңызды міндеттер – Үкімет назарында
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында егін жинау науқанының барысына тоқталып, оның уақтылы әрі сапалы өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қазір еліміздің барлық өңірінде егін жинау жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Ал оңтүстікте орақ науқаны аяқталуға жақын.
24 Қыркүйек, 2025
Парламентаралық байланысты нығайтатын жиын
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған палата делегациясы Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Сенат спикері Бішкекте өткен Орталық Азия мемлекеттерінің III Парламентаралық форумында сөз сөйледі және Қырғызстан Жогорку Кенешінің төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекуулумен кездесті. Сондай-ақ қазақстандық делегация Қазақ-қырғыз зиялыларының IX форумына қатысты.
24 Қыркүйек, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы Жалпы дебатта сөйлеген сөзі
Құрметті Президент! Қадірлі Бас хатшы! Құрметті делегаттар! Біріккен Ұлттар Ұйымы сексен жылдан бері адамзатқа төнген жаһандық cын-қатерлерді еңсеруде басты рөл атқарып келеді. Осы жылдар аралығында Ұйым біздің ұжымдық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, бейбітшілікті сақтау, өсіп-өркендеу, кедейлікті азайту, орнықты даму және адам құқығын қорғау бағытындағы ортақ күш-жігерімізді ілгерілетуге бастамашы болды. Алайда ақиқатқа тура қарауымыз керек: әлем түбегейлі өзгеріске ұшырады. Өкінішке қарай, жақсы жаққа қарай өзгерді деп айту қиын. Дәл сол себепті жер жүзіндегі миллиондаған адам Бірікккен Ұлттар Ұйымына үлкен үмітпен көз тігіп отыр.
24 Қыркүйек, 2025
2026 жылғы 1 қаңтарда Салық кодексінің жаңа нормалары күшіне енеді. Осыған орай Атырауда семинар өтті. Мемлекеттік кірістер комитеті Әдіснама департаментінің директоры Ораз Абдрахмановтың айтуынша, бизнес өкілдерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын теңгерімді әрі әділ салық жүйесін құруға басымдық беріледі.
24 Қыркүйек, 2025
Алаштың ардақтысы, ойы мен сөзі ғасырлардан сыр шертетін тұлға – Шәкәрім Құдайбердіұлының тағдыры алғаш рет театр сахнасында зерделенді. Астана қаласы Музыкалық жас көрермен театры ұсынған режиссер, Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемировтің суреткерлік сараптауындағы жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың «Шәкәрім» музыкалық драмасы көзіқарақты көрерменнің көптен күткен рухани сұранысына тамаша тарту болғаны сөзсіз.
24 Қыркүйек, 2025
Әлемдік сусын өндіретін заманауи кәсіпорын
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында инвестиция тартудың ел игілігі үшін маңыздылығы мен пайдасы жөнінде айтты. Мемлекет басшысы инвестиция саласын күшейтіп, экономиканы дамытуға жұмсау қажеттігін атап өтіп, Үкіметке осыған байланысты тиісті тапсырмалар жүктеді.
24 Қыркүйек, 2025
Астана әкімдігі бокстан әлем чемпиондарына 30 млн теңге берді
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Ливерпульде өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған боксшыларды қабылдап, оларға 30 миллион теңге қаржылай сертификат табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қыркүйек, 2025
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралды ауылында белгісіз себептен ірі қара мал өле бастаған. Тұрғындардың айтуынша, олардың барлығы алтын фабрикасының маңында жайылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қыркүйек, 2025
Қазақстан – АҚШ: Экономикалық және инвестициялық ықпалдастықтың негізгі бағыттары
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорктегі жұмыс сапары кезінде АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен өткен дөңгелек үстел отырысына қатысып, сөз сөйледі.
23 Қыркүйек, 2025
Ел рухын асқақтатқан Міржақып тойы
Қостанай облысында Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған дүбірлі той өтті. Қостанайда, қайраткердің кіндік қаны тамған Қызбел, Бидайық, Торғай төрінде екі күнге созылған танымдық-тағылымдық мәні зор мерекелік іс-шаралар ел рухын асқақтатып, ұлт мерейін көтеріп тастағаны анық.
23 Қыркүйек, 2025
Қазақ пен қырғыз халқының мәдени, рухани, әдеби байланысының тамыры тереңде жатыр. Біз осы асыл арқауымызды жаңа заманмен байланыста салмақтай білуіміз қажет. Былтыр сәуірде Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаров бастаған делегация Астанада болып, қырғыз-қазақ зиялылар форумына қатысып, Манастың ескерткішін ашып, тарихи және бүгінгі ынтымақтастығымызды жүйелі саралаған едік. Биыл тамыз айында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Бішкекке келіп, М.Әуезов пен Ш.Айтматов сынды даналардың ескерткішін ашу салтанатына қатысып, бауырластықты биік деңгейге көтерді. Бұйырса, осы күндері Манас елінде қазақ-қырғыз зиялыларының форумы өтпек. Біз бұған бек қуаныштымыз. «Манас» эпосында: «Ақ бөкеннің қылындай суырылысқан, ақ бидайдың ұнындай жұғысқан егіз ел» деп, қырғыз бен қазақты сипаттайды. Бүгін біз соның бір тарауы Орталық Азияға танымал Мөңке би жөнінде ой қозғамақпыз.
23 Қыркүйек, 2025
Технократ ұрпақты математика пәні қалыптастырады
Елімізде «Цифрлы Қазақстан», «Индустрия 4.0», «Жасанды интеллект», «Ғарыштық деректермен жұмыс» деп аталған ауқымды жобалар жарияланды. Бірақ қарапайым сұраққа жауап беріп көрейікші: болашақтың қақпасын ашатын балалардың қолына берген оқулығымыз бен бағдарламамыз осы биік мақсатқа жеткізе ала ма?
23 Қыркүйек, 2025
Алаш қайраткері Хайретдин Болғанбай тәржімелеген зерттеу
ХХ ғасырдың бас ширегінде ұлт тұлғалары халқымыздың дамуына септігі тиетін еңбектерді қазақ тіліне аударып, пайдалы ағартушылық-шығармашылық жұмыс та атқарды. Соның бір парасы – қазақ ауыл шаруасына қажетті зерттеулер, тәжірибелер.
23 Қыркүйек, 2025