Пікірлер .
Батыстың дамыған ел болуы білім, мәдениет, құндылықтарды сақтау, қарапайымдылық пен кішіпейілділік, мейірімділік секілді мінез-құлық, әдеп-әдеттің оң әсерінен екені белгілі. Бірақ елдің өркендеуі мен халықтың жақсы тұрмысы ең алдымен олардың үнемшілдік мәдениетінде жатыр.
10 Желтоқсан, 2024
Жуырда бес тілді жетік меңгерген, бес дипломы бар қазақ ғалымының Жапония ғылымын дамытуға кеткенін отандық БАҚ жарыса жазды. Өз жерінде мардымды қызмет таппаған соң, шетел асуға мәжбүр болған. Ал шекара асқан «ақыл-ой ағынының» қайта оралатыны күмәнді. Сонда Мемлекет басшысының ғалымдарды қайтару керек деген Үкіметке тапсырмасы не болмақ? Осы орайда дамыған елдердің ғылымы тәжірибелі ғалымдармен емес, тәжірибе жинақтап жатқан қызметкерлермен де мықты дамып жатқанын ескеру керек.
02 Қараша, 2024
Ұлыбритания университеттерінің бірінде тағылымдамадан өтіп жүргенімізге жарты жылдан асты. Жақында зерттеу жұмысымызға байланысты өзге қалаға жол түсті. Табан тіреген шаһарда қазақтар, оның ішінде осы елге қоныстанған отбасылар – бір қауым ел. Бірі – дәрігер, бірі – мұғалім, енді бірі – ғалым. Елден жырақ кетуге түрлі себеп түрткі болған. Көбі «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар?», дегенге саяды.
11 Мамыр, 2024
Статистикалық деректерге сүйенсек, тәуелсіз ел атанған уақытта ұлтымыздың саны бар-жоғы 6,5 миллион ғана болды. Яғни қазақтар республика халқының 40 пайызын ғана құраған. Ал бүгінде ұлт саны 13 965 957 адамға жетті, бұл – 70,7 пайыз. Әрине, қазақ санының артуына демографиялық өсіммен қатар, қиын-қыстау заманда бас сауғалап шетел асқан қандастарымыздың тарихи Отанына оралуы да өз үлесін қосқаны сөзсіз.
14 Маусым, 2023
Қазір түрлі коучтардың дәурені жүріп тұр. Әлеуметтік желіні аша қалсақ, сан алуан тренингке шақыратын жарнама шыға келеді. Бірі бай болуға үйретемін десе, енді бірі сұлу әрі іскер әйел болудың құпиясын айтамын деп еліктіреді. Тіпті мықты жігіт тауып, бақытты әйел болудың сырын ашамын, шетелге саяхаттаудың жолдарымен бөлісемін деп әуре. Осындай тренингтер өткізіп жүргендер өзін коуч санап, онсыз да санасы сан саққа жүгірген қоғамды адастырып жүр.
18 Мамыр, 2023
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы үш жылда елдегі халық саны артып, ол қазақ халқының есебінен көбейіп отыр. Алайда санымыз өскенімен, қазақтілді ортаның әлі де болса кеңейетін түрі көрінбейді.
26 Сәуір, 2023
Әлемде әлеуметтік желінің дәурені басталғалы да біраз уақыт болды. Қолданушыларының саны да жыл сайын артып келеді. Танымал он шақты әлеуметтік желінің аудиториясы мен оны қолданудың мақсаты әртүрлі. Десек те, ең алдымен олар – ақпарат алаңы. Ал бара-бара бұл желілерді өзіміздің ыңғайымызға бейімдеп алғанымыз рас. Ақпарат көзінен табыс көзіне негіздедік. Соңғы кездері тіпті ақпарат көзі «ұрыс» алаңына айналып бара жатыр.
04 Сәуір, 2023