Редакция таңдауы
Жақында Ақтау қаласында республикалық командалық ақындар айтысының финалы өтті. Бұл шешуші сында Қарағанды мен Түркістан облыстарының өнерпаздары бақ сынады. Көрермен көңілін тербеген, рух пен ұлт мұратын жырмен өрген сайыста екі облыс та командалық айтыстың жеңімпазы атанды. 2024 жылдың наурыз айында шымылдығын түрген бұл ауқымды жобаның мақсаты не? Жоба ұлттық өнерге деген жаңаша көзқарастың қалыптасуына мұрындық бола алды ма? Осы сауалдар бойынша «Amanat» партиясы Орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің директоры, айтыс жанашыры Еркебұлан Жаулыбаевпен сұхбаттасқан едік.
25 Шілде, 2025
Қ.Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Шілде, 2025
Ресей қазақстандық мұнай экспортына уақытша шектеу қойды
Қара теңіз арқылы қазақстандық мұнай тасымалы уақытша тоқтатылды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы Новороссийск портына жеткізіліп жүрген шикізат экспортын Ресей жағы уақытша тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.
24 Шілде, 2025
Биыл білім гранттары 19 мыңға қысқарады
Келесі оқу жылында Қазақстанда жоғары оқу орындарына 93 мың білім гранты бөлінеді. Бұл – былтырғы көрсеткіштен 19 мыңға аз. 2024 жылы 112 мың грант ұсынылған еді. Бұл туралы вице-премьер Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
24 Шілде, 2025
Балаларға медициналық көмек көрсету жүйесі жаңарды
Елімізде бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) деңгейінде балаларға қызмет көрсету жүйесі түбегейлі жаңартылып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің бастапқы медициналық-санитариялық көмек орталығының директоры Айгүл Қасымова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.
24 Шілде, 2025
Ақтөбе облысында 2024 жылы қазынаның 16,9 млрд теңгесі игерілмепті. Экономика басқармасының басшысы Нұржан Мақсаттың түсіндіруінше, республикалық бюджеттің қолма-қол ақша бағыттау шотындағы қаржы жетіспеушілігіне байланысты 9,6 млрд теңге аударылмай қалған: «Ауыл аманаты» жобасының 8,6 млрд теңгесі мен жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған 912 млн теңге көлеміндегі бюджет несиесі түспеген. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміндегі арзан бағадағы қантты жеткізбекші болған жосықсыз мердігер 1,2 млрд теңгені иеленіп, өнімді әкелмеген. Игерілмеген соманың ішінде Ұлттық қордың 136 млн теңгесі, республикалық бюджеттің 15 млн теңгесі, Үкімет резервінің 417 млн теңгесі және жергілікті бюджеттің 6,7 млрд теңгесі бар. Республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан Ақтөбе облысына бөлінген нысаналы трансферттің 1,1 млрд теңгесі кері қайтарылыпты.
24 Шілде, 2025
Балалар қауіпсіздігі – мемлекеттің жіті назарында. Былтыр 16 маусымда күшіне енген «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заң осы бағыттағы маңызды шешімнің бірі болды. Заң қабылданғалы бері қоғамда зорлық-зомбылық пен қатыгездікке қарсы күрес жүйелі сипат ала бастады.
24 Шілде, 2025
Медицина қызметкерлерінің құқы мен қауіпсіздігі хақында
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту және денсаулық сақтау мекемелеріндегі қауіпсіздікті арттыру туралы тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді.
24 Шілде, 2025
Болашақ жұмысшы мамандарының басқосуы
Жұмысшы мамандықтары жылының жартыжылдық жұмысы қорытындыланды. Осыған орай Щучинск қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған республикалық слет өтті. Ауқымды іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және басқа да ресми тұлғалар, колледждердің қызметкерлері мен 100-ден аса білім алушы қатысты.
24 Шілде, 2025
Партизан қозғалысының қаһарманы
Жер жүзін тітіреткен соғыстың алауы сөнгеніне биыл 80 жыл толды. Ерлік пен елдік сынға түскен сәтте жасанған жауға қарсы тұрған қаһармандар қатары да жыл өткен сайын сиреп барады.
24 Шілде, 2025
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталады
25 шілдеде тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталып, 5 тамызға дейін жалғасады, деп жазады Egemen.kz.
23 Шілде, 2025
Шахтадағы апатты азайтудың амалы
Ұлытаудағы «Жомарт» кенішінде биыл болған апат елдегі тау-кен саласындағы қауіпсіздік мәдениеті мен бақылау жүйелерінің сын көтермейтінін тағы бір мәрте айғақтады. Сарапшылардың айтуынша, көптеген шахта мен кеніште желдету жүйелері ескірген; газ және өрт дабыл қондырғылары жеткіліксіз; қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту формальды түрде өтеді; бақылау мен алдын алу тетіктері әлсіз.
23 Шілде, 2025
Жуырда қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен Шымкентте жаңа 3 өндіріс орны ашылды. Оның алғашқысы – «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «BIK Kanc» ЖШС. Серіктестік А4 және А3 пішіндегі қағаздар өндіреді. Өндірістік қуаты жылына 2 млн 880 мың дана қорапты құрайды. Компания биыл жобаның бірінші кезеңін іске қосты. Оның құны – 500 млн теңге.
23 Шілде, 2025
Халық төтенше жағдайлардан зардап шекпеуі керек
Әлем қазір жаһандық жылыну, климаттың өзгеруі секілді мәселелермен күресіп жатыр. Өңірлерді аралап жүрген сенаторлар осы күрделі жағдайды да назардан тыс қалдырмады. Олар елдегі таулы аймақтағы мұздық көлдер мен гидротехникалық құрылыстың жай-күйін бақылап келді.
23 Шілде, 2025
Үкімет тау-кен металлургия кешенін шикізат көзі емес, экономиканың қозғаушы күшіне айналдыруға ниетті. Терең қайта өңдеу, цифрландыру және ғылыммен байланыстыру – жаңа саясаттың өзегі. Сонымен қатар көші-қонды бақылауға алып, жоғары білікті ІТ-мамандарды тарту тетіктері де қарастырылып отыр. Бұл мәселелер Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды.
23 Шілде, 2025
Облыс әкімдігінде Металлургтер күніне орай мерекелік жиын өтті. Салтанатты шара барысында өңірдегі металлургия саласының қарыштап дамуына сүбелі үлес қосқан сала ардагерлері мен үздік мамандар марапатталды.
23 Шілде, 2025
Прокурор Перизат Қайратқа 10 жыл жаза тағайындауды сұрады
Бүгін Астанада Перизат Қайратқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Жарыссөз сатысында прокурор жазаны жеңілдететін мән-жайлар көрмей отырғанына назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
22 Шілде, 2025
Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылдың I жартыжылдығы бойынша қорытындыларды ұсынды. Медиа саланы дамытудың негізгі бағыттарына назар аударсақ, БАҚ-ты тіркеу мен жаңарту, құқыққа қарсы контентпен күрес, халықаралық ынтымақтастық, бірлескен жобалар және тарату аясын кеңейту мәселелері қарастырылады.
22 Шілде, 2025
Құрылыс индустриясына серпін беретін жоба
Талдықорғанда автоклавты қатайтылған газбетон блоктарын шығаратын заманауи зауыт іске қосылды. Жаңадан ашылған зауыттың жылдық өндірістік қуаты – 150 мың текше метр. 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отырған жобаға 2,5 млрд теңге инвестиция тартылған.
22 Шілде, 2025
Лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды
Мемлекет басшысының туристік сала мәселелері жөніндегі тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына туризм және спорт, көлік, ішкі істер, экология және табиғи ресурстар, су ресурстары және ирригация, денсаулық сақтау министрліктерінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары кірді.
22 Шілде, 2025