Редакция таңдауы
Италияда аспалы жол кабинасы құлап, төрт адам қаза тапты
Италияның Неаполь провинциясындағы Монте-Файто тауында аспалы жол кабинасы жардан құлап, салдарынан төрт адам қаза тапты. Тағы бір адам ауыр жарақат алып, бір жолаушы із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
18 Сәуір, 2025
Татулықтың тірегі – белсенді жастар
Жыл сайын сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясы өткен кезеңге көз жүгіртіп, алдағы мақсат-міндеттерін айқындайды. Биыл да дәстүрден жаңылмай, XXXIV сессия қарсаңында ұйымның атқарған жұмыстары, қоғамдық құрылымдарының қызметі жан-жақты сарапқа салынады.
18 Сәуір, 2025
Жаңашыл ғалымдардың еңбектері арқылы біз әлемді басқаша танимыз. Бұл үрдіс қазақ ғалымдарына да тән. Болашағынан үлкен үміт күтетін сондай жас ғалымның бірі – фотоэлектрлік және баламалы энергетика саласы бойынша PhD Нұрсұлтан Мұсаханұлы.
18 Сәуір, 2025
Трансформатор стансалары Өскеменде әзірленеді
Үйді-үйлерді электр қуат көзімен қамту стансалары Өскемендегі «Кэмонт» зауытында жасалады. Атшаптырым аумақты алып жатқан өндіріс ошағында трансформатор стансаларынан бөлек «ақылды электр шамдар», заманауи орындықтар мен жол бойына арналған дәретханалар да құрастырыла бастаған. Атқарылып жатқан жұмысқа қарасақ, тарихы терең зауыттың болашағы да жарқын көрінеді.
18 Сәуір, 2025
ТМД елдерімен экономикалық серіктестік артады
Кеше Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, онда сенаторлар ТМД елдерімен еркін сауда мәселелері жөніндегі заңды қарап, соңынан депутаттық сауалдарын жолдады.
18 Сәуір, 2025
Александр БАЛТИН, ақын, публицист (Ресей): Әбіш Кекілбаевтың ғарышы
Көрнекті ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахмановтың мәдениеттанушылық еңбектері халықаралық ауқымда танылған. Автордың Абай аудармашылығы туралы зерттеулері Мәскеуден шыққан ұжымдық жинақтарда жарияланған, жекелеген мақалалары орыс, ағылшын, француз, араб, түрік, өзбек, тәжік тілдеріндегі газеттерде шыққан. «Литературная газетада» басылған «Читал я сладостный Коран» атты мақаласы жөнінде біз кезінде ілтипатты мақала да арнағанбыз. Өткен жылы С.Абдрахмановтың халқымыздың ерен ойшылы, классик жазушысы Әбіш Кекілбаевтің мәдениеттанушылығы туралы жазылған «Абыз Әбіш» кітабы Мәскеудің «Художественная литература» баспасынан «Корифей» деген атпен жарық көрді. Біз бүгін белгілі ақын, публицист Александр Балтиннің сол кітап жөнінде жақында «Литературная газетада» басылған рецензиясын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
18 Сәуір, 2025
Үстірт арқары фототұзаққа түсіп қалған
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы жабайы жануарлардың сирек кездесетін мезеттерін түсіруді жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
17 Сәуір, 2025
Қазақстанның Украинадағы жаңа елшісі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның Украинадағы елшісі ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Сәуір, 2025
Авторлық меншік құқын қайтсек сақтаймыз?
Интернет дамып, әлеуметтік желілер қанатын кеңге жайғалы ақпарат ағыны жеделдеді. Бүгінгі таңда кез келген туынды, өлең-жыр, әңгіме, хикаят, ән, сурет, мақала, ғылыми еңбек, т.б құндылықтар интернет тораптары арқылы оңай таралады. Әлеуметтік желілерді кезіп жүрген сол шығармалардың артында қаншама автордың ой еңбегі, алтын уақыты, білігі мен білімі жатқаны анық. Бірақ көп жағдайда авторлардың меншік құқығы ескерілмейді. Бұл олқылықтың орнын қалай толтырамыз?
17 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы ҚХА төрағасының екі орынбасарын тағайындады
Қасым Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Сәуір, 2025
Медиа кеңістік фейк пен манипуляцияға толып барады
Қазір біз технологиялар қарқынды дамып жатқан заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл дамудан медиа да тыс қалмауға тиіс. Медиа – технологиямен етене байланыстағы сала. Бәсекелестік күннен-күнге артып келеді, ал біз сол бәсекеде аудиториямызға нақты, шынайы ақпарат жеткізу үшін күресіп келеміз.
17 Сәуір, 2025
Қазақ тілі инновацияның тілі болуға тиіс
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қазақ тілі – ғылым тілі: жасанды интеллект және терминология» атты II халықаралық симпозиум өтті.
17 Сәуір, 2025
Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 16 мамырда басталады. 5 шілдеге дейін жалғасатын басты тестілеуді талапкерлер екі рет тапсыра алады. Бұл кезеңнің маңыздылығы үміткерлердің осы сынақтан өткен нәтижесімен мемлекеттік грант конкурсына қатысатынында болып тұр.
17 Сәуір, 2025
Жаңа Су кодексі өңірлерді жарылқай ма?
Сенат қарауына жіберілген жаңа Су кодексінде өзен-көлдердегі бөгет иелерінің жауапкершілігін арттырып, мемлекеттік сараптаманы күшейту көзделген. Депутаттар заң жобасы өңірлерде қалыптасқан су мәселелерін шешуге қауқарлы деген пікірде.
17 Сәуір, 2025
Президент екі ел арасындағы заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Сәуір, 2025
Орталық Азияның ортақ телеарнасы ашылады
Елордада II Орталық Азия медиафорумы басталды. «Орталық Азия медиакеңістігі: өсу мен ынтымақтастықтың жаңа тұстары» тақырыбындағы жиынның ашылу салтанатында мәдениет және ақпарат министрі Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірлескен телеарна мен өңірлік медиаплатформаны іске қосудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Сәуір, 2025
Әйелдерден құралған экипаж тарихта алғаш рет ғарышқа ұшты
14 сәуірде Blue Origin компаниясы тарихта алғаш рет толық әйелдерден құралған экипажды ғарышқа аттандырған, деп хабарлайды Egemen.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.
15 Сәуір, 2025
Серікбек ДӘУКЕЙ: Геология – стратегиялық сала
Геология, минералды ресурстарды игеру ғылымдарының докторы, академик Серікбек Дәукей ғылым мен өнер қиылысындағы геологияны «поэзия» деп атап, өмірін жер қойнауындағы құндылықтарды зерттеуге арнаған жан. Үш мәрте министр болып, Ұлттық ғылым академиясын басқарды. Жақында майталман маманмен сұхбат құрудың сәті түсті.
15 Сәуір, 2025
Осыдан тура бір ғасыр бұрын, дәл осы күні Ақмешіт қаласында Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің V съезі басталды. 1925 жылдың 15–19 сәуірі аралығында өткен съездің ең үлкен жаңалығы – ұлтымыздың тарихи атауын қайтаруы мен әр дәуір дерегінде Қамысқала, Перовск, Ақмешіт аталып келген қаланың Қызылорда аталуы болды. Тарихи шаһардың бұл атауына да биыл 100 жыл толып отыр.
15 Сәуір, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Егемендік декларациясын қабылдау оңайға соқпағанын, ел ағалары жауапты сәтте ұйымшылдықпен ұлт мүддесін қорғай білгенін, олардың сын сағаттағы батылдығын нағыз ерлік деп бағалауға болатынын айта келіп, сондай отаншыл азаматтардың қатарында Александар Княгининнің есімін де айрықша құрметпен атаған еді. Өз жерінде азшылыққа айналып, ана тіліне қатер төнген қазақ ұлтына шынайы жанашырлықпен қарап, әлеуметтік әділдік туын көтеріп өткен қоғам қайраткерінің жарқын бейнесі жадымыздан өшпейді.
15 Сәуір, 2025