Оқи отырыңыз
Осы сурет қазақ ғаламтор кеңістігінде жиі жарияланады. Алайда сурет сипаттамасын Максим Горький мен Ілияс Жансүгірұлының ортасындағы келіншекті Фатима Ғабитова деп қате жазып қояды. Бұл ханымның кім екенін бізге дейін белгілі жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзабек Дүйсенов анықтамақ болған. Әуелгі әңгіме содан басталсын: «КСРО Жазушылар одағының І съезінің жұмысы кезінде кинопленкаға түсірілген екен, көшірмесі Қазақстан кинематография комитетінің архивінде сақтаулы. Қазақстан жазушылар делегациясын көрсеткен тұстардағы кадрлар фотопленкаға түсірілді. Менде соның екі кадрынан түсірілген суреті бар.
20 Маусым, 2025
Тайсон мен Емельяненконың жекпе-жегі
Кәсіпқой боксшы Майк Тайсонның жасы 58-ден асса да, әлі де жұдырықтасып жүргені белгілі. Соңғы рет ол былтырғы жылдың қараша айында америкалық актер, блогер, шоумен Джейк Полмен күш сынасты.
20 Маусым, 2025
АҚШ-тағы Сиракуз университетінің маңында ерекше ағаш өседі. Оның бір ғана діңі бар, бірақ бұтақтарынан өрік, шие, шабдалы, бадам, қара өрік сияқты қырыққа жуық түрлі жеміс өсіп шығады.
20 Маусым, 2025
Қазақ шыбын жан дейді. «Шыбын жаным шырқырап», «шыбын жаным көзіме көрінді» деген сөз тіркестері таңсық емес. Кісі басы мен кеудесін көтеріп тұрған және оған қосымша қаншама жүкті арқалауға қуаты жеткен жанның салмағы әлде көлемі дейсіз бе, шыбындай-ақ. Құдайдың құдіреті деген осы шығар.
20 Маусым, 2025
Астанадан Бурабайға жаңа электр пойызы жолға шығады
Шілде айының басына қарай Астана – Бурабай курорты бағытында жаңа электр пойызы жолға шығады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТЖ-ға сілтеме жасап.
19 Маусым, 2025
Қай мамандыққа сұраныс жоғары?
Өткен айда Enbek.kz электронды еңбек биржасында 86 мың бос жұмыс орны мен 110 мың түйіндеме орналастырылыпты. Алдыңғы аймен салыстырғанда сұраныс пен ұсыныстың азайғаны байқалады.
19 Маусым, 2025
Қаржы пирамидасының жолы кесілді
Елімізде жылдан-жылға қаржы пирамидаларының саны көбейіп барады. Олар адам кіргізсең, жылдам табыс табасың деп халықты алдап, сеніміне кіріп, бар ақшасын қағып алып жатыр. Сондай қылмыстық ұйымның бірі Шымкентте де пайда болды. Ол – атышулы «Назира голд» қаржы пирамидасы. Қаншама адамды сан соқтырған алаяқ қазір бес сыбайласымен бірге қамауда отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Алмас Манатұлы айтып берді.
19 Маусым, 2025
Жапырақ – табиғаттағы ең көне энергия көзі. Ол күн сәулесін сіңіріп, көмірқышқыл газ бен судан оттегі мен энергия бөледі.
19 Маусым, 2025
Табиғатта түнде ғана гүлдейтін өсімдіктер бар. Мысалы, түнгі сұлу гүл мен айгүл ымырт түскенде ғана ашылып, таң атқанда қайта жабылады.
19 Маусым, 2025
Көбелектің қанаты неге соншалық жарқырап, ерекше түстерге боялғанын білесіз бе? Бұл әдемілік бояудан емес, жарыққа қалай шағылатынына байланысты.
19 Маусым, 2025
Платформа арқылы оқығандар көбейді
Жыл басынан бері 247,6 мың азамат, оның ішінде 39,4 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өтіп, оқығанын растайтын сертификат алған. Осы күнге дейін платформаға 791,3 мың адам, оның ішінде жыл басынан бері 292,6 мың адам тіркелген.
18 Маусым, 2025
Адамзат жаралғаннан бері жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен ізгілік, мейірімділік мен қатыгездік күресі бір сәт толастаған емес. Заман қанша жаңарып өзгерсе де, адам бойындағы бұл екі мінез әлі күнге дейін текетіресіп, қалмай келеді. Неге? Бұл сұрақтың жауабы бар ма? Әлде өмірдің заңы ма?
18 Маусым, 2025
Қытай Ғылым академиясы процессор чиптерін бірнеше күнде автоматты түрде жобалайтын «QiMeng» атты жасанды интеллект жүйесін таныстырды.
18 Маусым, 2025
«Әзірет Сұлтан» ұлттық музей-қорығы сайтында мекеменің нумизматикалық жәдігерлер қорында сақталған теңге-тиын (пуль) туралы мәлімет жарияланды. Бұл бұйым кезінде Сығанақ қаласында соғылған екен. Жәдігерді музей қорына 2004 жылы Түркістан қаласының тұрғыны Н.Досметов есімді азамат тапсырыпты.
18 Маусым, 2025
Париж қаласының XVI округі мэриясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қазақстанның Франциядағы елшілігі мен «Абай» мәдени орталығы бірлесе ұйымдастырды.
18 Маусым, 2025
Wildberries жылжымайтын мүлік нарығына бет бұрды
Күні кешеге дейін интернет-дүкендер киім-кешек пен тұрмыстық техниканы жеткізумен ғана шектелетін. Енді бұл шеңбердің кеңейіп, онлайн сауда алаңдарының деңгейі мүлде жаңа сатыға көтеріліп отырғаны байқалады. Атап айтқанда, ТМД елдеріндегі ірі маркетплейстердің бірі – Wildberries жылжымайтын мүлік нарығына қадам баспақ. Яғни, енді интернет арқылы пәтер де сатып алуға болады, деп жазады Egemen.kz.
17 Маусым, 2025
Қазақстанда жоғары сұранысқа ие мамандықтар аталды
Қазақстанда еңбек нарығындағы сұраныс артып келеді. 2025 жылы ел экономикасына 239 мыңнан астам жаңа маман қажет болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
17 Маусым, 2025
ҰБТ-дан жоғары балл жинаған оқушыға пәтер берілді
Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 балл жинаған алматылық Айша Сатыбалдыға өзі оқыған мектептің әкімшілігі пәтер сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Маусым, 2025
Қазақстан мен АҚШ инвестициялық ынтымақтастықты нығайтып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Америка Құрама Штаттарына ресми сапары аясында Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен өткен дөңгелек үстел жиынында айтылды.
17 Маусым, 2025
Көпірлердің Бірыңғай платформасы
Елімізде көпірлерді басқарудың бірыңғай жүйесіне пилотсыз ұшу аппараттары, цифрлық көшірмелер мен жедел мониторинг әдістері енгізіліп жатыр. Цифрландыру инфрақұрылым қауіпсіздігін арттырып, оны күтіп ұстауға кететін шығынды азайтады.
17 Маусым, 2025