Пікірлер .
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Ресей спортшыларына келесі жылы Парижде алауы тұтанатын XXXIII жазғы Олимпия ойындарына қатысуға рұқсат бергенімен, оларға бірқатар қатаң шектеу қойып отыр. Нақтылай айтсақ, төртжылдықтың басты додасында көршілеріміз бейтарап команда ретінде өнер көрсетеді. Яғни Францияның бас шаһарында ресейліктерге мемлекеттік рәміздерін пайдалануға тыйым салынды. Тіптен сол елдің саңлақтары жеңіске жеткен жағдайдың өзінде аталған елдің әнұраны шырқалмайды, туы көкте желбіремейді. Дәл осындай талап Беларуське де қойылып отыр.
26 Желтоқсан, 2023
Еуропаның оңтүстік-шығысында Косово деген шағын ғана ел бар. Аталған мемлекеттің негізін албандар (90%) құрайды. Одан бөлек, ол жерде сербтер, сығандар, босниялықтар, косоволық түріктер, тағы басқа ұлттар мен ұлыстар қоныстанған. Косово 2008 жылы Сербиядан бөлініп шығып, өз тәуелсіздігін жариялады. Оларды АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Франция, Германия, Италия сынды алпауыттар бастаған 90-ға жуық мемлекет қолдаса, 73 мемлекет мойындаудан түбегейлі бас тартты.
13 Маусым, 2023
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы осыған дейін әлем чемпионатына 10 мәрте қатысты. 2021 жылы Латвияда өткен жарыста жерлестеріміз өздерінің ең үздік нәтижесіне қол жеткізді. Балтық жағалауында біздің жігіттер 10-орынға табан тіреді. Ал өзге бәсекелердегі көрсеткішіміз мынадай: 12-орын (2005 жылы), 13-орын (2004), 14-орын (2022), 15-орын (1998, 2006) және ең соңғы 16-орын (2010, 2012, 2014, 2016).
06 Маусым, 2023
Тәуелсіздік алып, ғасырлар тоғысында елдігіміз айқындалған кезеңдегі еркін күрестен өткен байрақты бәсекелерде Қазақ елі намысын жалғыз ғана қандасымыз қорғады. Ол – Мәулен Мамыров. Бұл есім жанкүйерлерге жақсы таныс. Алаштың алтын асықтай ұлы Олимпия ойындары мен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, құрлық чемпионы және сол секілді толып жатқан тағы басқа атақтары бар. Сол Мәулен бір сұхбатында «Мен кей кездері өзімді Ресей құрамасы сапында жүргендей сезінемін» деп ашына айтқан еді.
16 Мамыр, 2023
Қазақстанда спортқа деген қамқорлық ерекше. Әр жыл сайын осы саланы дамытуға мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінеді. Ірі қалалардан бастап, аудан орталықтарына дейін спорт кешендерінің салынуы, республикамыздың әр аймағында дүбірлі додалардың жиі ұйымдастырылуы, байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтардың мол көлемде сыйақы алуы осы сөзіміздің айқын дәлелі.
23 Сәуір, 2023