Оқи отырыңыз
Ғимараттар қашан пайдалануға беріледі?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың қарашасында Атырауға келген сапарында жаңа мәдениет орталығының қажеттігіне назар аударды. Дегенмен жаңа нысанның құрылысы бастала қойған жоқ.
22 Мамыр, 2025
Іскерлік туризм: Еліміз Еуропаның топ-35 қатарында
Былтыр еліміздегі халықаралық қауымдастықтардың іскерлік іс-шаралар сегментіндегі қызмет экспортының жалпы көлемі 4,6 млн долларды құрады. Халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының (ICCA) жаңа жаһандық рейтингіне сәйкес еліміз халықаралық MICE іс-шараларына қатысуы жағынан кезекті рет Орталық Азиядағы көшбасшы атанып, Еуропаның топ-35 елінің қатарына енді.
22 Мамыр, 2025
Балаларға арналған цифрлық қосымшалар
Бүгінде еліміздегі балалардың 46 пайызы интернетке 5-8 жас аралығында кірсе, 5 пайызы 4 жасқа толмай жатып цифрлық әлемнің есігін ашады екен. Смартфон – баланың ойыншығы ғана емес, ұстазына да айналды. Цифрлық дәуірде дүниеге келген ұрпақ үшін технология таңсық емес – табиғи ортасы. Ендеше, олардың ақпаратты қалай тұтынатыны, неге сенетіні, тіпті қандай тілде сөйлейтіні – осы құрылғыға байланысты. Сол себепті балаларға арналған қазақша цифрлық қосымшалар мен жобалардың маңызы арта түсті.
22 Мамыр, 2025
«Ұлы дала жорығы» мәреге жетті
Кең даланы тұлпарлардың төрт тұяғы дүбірлеткен халықаралық «Ұлы дала жорығы-2025» марафон-бәйгесі өз мәресіне жетті. «Amanat» партиясының қолдауымен Алматы облысы әкімдігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған аламан бес күнге созылды.
22 Мамыр, 2025
Қазір Италияның әйгілі Милан консерваториясы ұлы композитор Джузеппе Вердидің есімімен аталады. Бірақ бір қызығы, дәл осы оқу орны 1833 жылы оны қабылдамай қойғанын біреу білсе, біреу білмейді.
22 Мамыр, 2025
Ертең еліміздің барлық өңірінде дабыл белгісі қосылады
22 мамыр күні таңертең еліміздің барлық өңірінде ескерту жүйесінің жұмысын тексеру мақсатында дыбыстық дабыл белгісі ойнайды. Бұл – «Өрт-2025» оқу-жаттығуы аясында өтетін жоспарлы шара, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Мамыр, 2025
Салық төлеуден жалтарған мұнай компаниясының директоры сотталды
Маңғыстау облысында «Кезби» мұнай сервистік компаниясының директоры Ержан Кезбаев аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны және салықтан жалтарғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Мамыр, 2025
Оқушының жазғы демалысы қауіпсіз болуға тиіс
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылының аяқталуы мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Тиісті министрлік басшылары дайындық шаралары туралы есеп берді.
21 Мамыр, 2025
Денсаулық – баға жетпес байлық
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ұйытқы болып, елімізде репродуктивті денсаулық апталығы өтті. Апталық аясында Астанада дөңгелек үстел отырысы болып, бірқатар күрмеулі мәселенің тиегі ағытылды.
21 Мамыр, 2025
Мәдениет – бәрімізге ортақ көпір екені көпке мәлім. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өңірдегі этнос өкілдерінің мәдени қарым-қатынасы нығая түсті. Осы ретте Талдықорғанда «Kazakhstan: Ethno-Inclusive Dialogue» атты тұңғыш халықаралық инклюзивті этнокөрме өтті.
21 Мамыр, 2025
Жол күтіміне таптырмайтын техника
Елімізде көлік инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттарын толық қамтитын ауқымды жол құрылысы маусымы басталды. Жалпы ұзындығы 8,8 мың шақырым болатын әртүрлі деңгейдегі автомобиль жолдарында жұмыс жүргізу жоспарланып отыр. Осыған орай «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қостанайда шығатын «Lovol» тракторларының жаңа легін сатып алып, техникалық қуатын күшейтті.
21 Мамыр, 2025
Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) осы спорт түрін серік еткен саңлақтар арасынан ең үздіктерді анықтады. Аталған ұйым Аргентинаның арланы Лионель Мессиді теңбіл доптың теңдессіз шебері деп таныды. Екінші және үшінші орындарды Пеле мен Диего Марадона иеленді. Сондай-ақ ТОП-10-дықтың қатарында Криштиану Роналду, Йохан Круифф, Роналдо, Зинедин Зидан, Франц Беккенбауэр, Альфредо де Стефано, Роналдиньо сынды дүлдүлдер бар.
21 Мамыр, 2025
Елімізде туризм жыл сайын қарқынды дамып келеді. Әр өңірде әртүрлі туристік нысандар салынып жатыр. Солардың бірі – Алматы облысының Кеген ауданындағы Көртоғайда салынып жатқан аспакөпір.
21 Мамыр, 2025
«Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шықты
Астанада бүгін «Нұрлы жол» теміржол вокзалында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жолға шығу салтанаты өтті. Алдағы жарты жыл ішінде аталған пойыз 20 мың шақырымнан астам жол жүріп, 123 шалғай ауыл-стансаларда тоқтап, шамамен 90 мыңнан астам адам медициналық көмек алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Мамыр, 2025
Соңғы қоңырау шарасына бірқатар шектеулер енгізілді
Биыл еліміздегі мектептерде оқу жылы 23 мамырда аяқталады. Бұл күні барлық білім ұясында «Білімім – Отаныма!» атты республикалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. Шара барысында «Адал азамат» бағдарламасының негізгі құндылықтарына ерекше көңіл бөлінеді, деп жазады Egemen.kz.
20 Мамыр, 2025
Жамбылдық жастар көкпардан чемпион атанды
Алматы облысында көкпардан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірінің командалары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Мамыр, 2025
Грант конкурсына өтініш қабылдау қашан басталады?
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, грантты тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау шілденің 13 мен 20 аралығында жүргізіледі. Оның нәтижесі 10 тамызға дейін жарияланады. Жоғары оқу орнына тіркелу 25 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Мамыр, 2025
10 мың бала лагерьлерде тегін демалады
Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру шаралары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
20 Мамыр, 2025
Биыл 60 бала терезеден құлап кеткен
Осы жылдың 19-мамырындағы дерек бойынша, терезеден құлап кеткен 60 баланың бесеуі оқиға орынында көз жұмған. 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген. ТЖМ күннің жылуына байланысты осындай оқыс оқиғалар жиілейтінін қаперге салып, ата-аналарды сақтыққа шақырды, деп жазады Egemen.kz.
20 Мамыр, 2025
Жол сапасы Үкімет сағатында талқыланады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтті. Онда депутаттар 22 мамыр күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті. Сондай-ақ осы аптада өткізілетін іс-шараларды пысықтады.
20 Мамыр, 2025