Оқи отырыңыз
Қазір қаржы қызметі бұрынғыдан мүлде өзгеше сипат ала бастады. Банктер мен инвестициялық компаниялар атқаратын бірқатар қызметті цифрлық платформалар алмастырып, жасанды интеллект қаржылық талдаудың жаңа құралына айналды. Мұндай үрдісті бүгінде «финтех» (fintech) деп атайды. Бұл атау ағылшынның financial technology – «қаржылық технология» деген сөзінен шыққан. Аталған сала қазір төлем жүйелерімен ғана шектелмей, инвестициялау, бизнес қаржысын басқару, капиталды талдау секілді бағыттарды да автоматтандырып келеді. Мәселен, «Finflow», «Paidax», «Investbanq» сияқты отандық финтех стартаптар жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр.
Кеше
Астана қаласында «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен ұлттық мәдениетті ұлықтауға арналған «Ұлттық киім» шеруі өтті. «MEGA Silk Way» СО орталығындағы тағылымды іс-шара Наурызнама онкүндігі аясындағы Ұлттық киім күніне орай ұйымдастырылды.
Кеше
Ұлық мейрам – Наурыз мерекесі қарсаңында елорда аспанын әсем әуен әлдилеп, ерекше бір рухани кештің шымылдығы түрілді. Көктемнің жаңару лебі мен өнердің мәңгілік үні астасқан бұл сәт – шынайы өнер салтанатына айналды. Күмбірлеген күй, сырлы саз, жүрекке жеткен ән – барлығы тоғысып, уақыттың өзін бір мезетке аялдатқандай әсер қалдырды. Бұл – қазақ музыкасының көрнекті өкілі, композитор әрі дирижер Әли Алпысбаевтың мерейтойына арналған тағылымы терең, тағдыры мол шығармашылық кеш.
Кеше
Мұсылман түсінігіндегі айлардың сұлтаны саналатын Рамазанның бүгін – соңғы күні. Отыз күндік парыз түйінделер тұста адамзат баласы айрықша мереке – Ораза айтты қарсы алады. Үш күндік мейрамда барша мұсылман жұрты бір-біріне қонаққа барып, ізгі тілегін айтып, дәмнен ауыз тиеді.
Кеше
Президент: Қазақстанның ертеңі сіздердің ғылыми жаңалықтарыңызға байланысты
Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесіп, сөз сөйледі. Президенттің пайымдауынша, ғылым қалашықтары мен қарқынды дамитын қалалар инвестиция және жаңа технологияларды тарту орталығына айналуға тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Наурыз, 2026
Өскемен қаласының экс-әкіміне қандай айып тағылғаны белгілі болды
Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық іс бойынша негізгі сот талқылауы басталды. Оған ірі көлемде алаяқтық және пара алу айыптары тағылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Наурыз, 2026
24 сағаттық жыр марофоны әлемдік рекордтар кітабына енді
Наурыз мерекесі қарсаңында қалалық мәдениет сарайында жас жыршылар тәулік бойы кезек-кезек қиссалар мен дастандар, терме, халық композиторларының шығармаларын орындады. Жыраулық дәстүрді дәріптеуге арналған ауқымды жиын «Ер Едіге» жыр мектебінің бастамасымен жүзеге асты. 24 сағат бойы жырмен көмкерген 36 жыршының өнерін Азия мен Африка елдері бойынша халықаралық GBR сарапшылары бақылап, дүниежүзілік рекордтар кітабына енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Наурыз, 2026
112 мың теңге: Ел азаматтарының орташа айлық шығыны есептелді
2025 жылдың төртінші тоқсанында ел тұрғындарының шығын табыс өсімінен асып түсті. Халықтың тұтыну құрылымында азық-түлік негізгі орынды сақтап отыр, ал бірқатар өңірде несие төлемдері отбасы бюджетінің салмақты бөлігіне айналған, деп жазады Egemen.kz.
19 Наурыз, 2026
Елімізде жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер қойылады. Бұл маусымдық шара автожолдардың сапасын сақтау және мерзімінен бұрын тозуын болдырмау мақсатында жыл сайын жүзеге асады, деп жазады Egemen.kz.
19 Наурыз, 2026
Жәрдемақы көлемі арта ма? Еңбек министрлігі жауап берді
Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар көлемін арттыру мәселесі бюджеттік мүмкіндіктерге тікелей байланысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Сенат кулуарында мемлекеттік төлемдерді қайта қараудың басты шарттарын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Наурыз, 2026
Қамшыбек Ташиев екі бірдей іс бойынша куәгер ретінде жауап беріп жатыр
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиев қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің Тергеу қызметінде жауап беріп жатыр. Бұл ақпаратты құзырлы ведомстводағы дереккөздер растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Наурыз, 2026
Таяу Шығыстан азаматтарды елге қайтару үшін қанша қаражат жұмсалды?
Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың күрт ушығуына байланысты Қазақстан азаматтарын елге қайтару операциясына жұмсалған қаражат көлемі әзірге белгісіз. Көлік вице-министі Талғат Ластаев бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, қазіргі уақытта қаржылық есептеулер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Наурыз, 2026
Қызылорда облысында шенеунік қамауда отырғанын жасыру үшін жалған құжат сатып алған
Қызылорда облысында жалған еңбекке жарамсыздық парағын қолдану дерегі бойынша санитариялық қызметкер мен дәрігерге қатысты сот үкімі шықты. Бұл заңбұзушылық прокуратура жүргізген тексеру барысында анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Наурыз, 2026
Трамп: Иран Қатарға соққы жасаса, Оңтүстік Парс жойылады
АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы шиеленіс ушыға түссе, Иранның стратегиялық маңызы зор Оңтүстік Парс газ кен орны толық жойылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Наурыз, 2026
Ұлт келешегін айқындайтын құжат
2026 жылдың шымылдығы ел тағдыры мен тарихы үшін айрықша маңызы зор оқиғалармен түрілді. Қаңтар айында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде конституциялық реформалар басталатынын жариялап, соның аясында арнайы құрылған комиссия жаңа Ата заң жобасын әзірледі. Осылайша, халықтың қолдауымен бүгінгі заман талаптарына толықтай жауап беретін жаңа Ата заңымызды қабылдадық. Президент оны «Халық Конституциясы» деп атады.
19 Наурыз, 2026
Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Asia Art» шығармашылық бірлестігінің «Өмір жұпарын сезініп...» атты көрмесі ашылды. Еліміздің әр өңірінен келген қылқалам шеберлерін бір арнаға тоғыстырған тағылымды жоба заманауи бейнелеу өнеріндегі ұлттық болмыс пен рухани үндестікті әйгілейді.
19 Наурыз, 2026
Ебін тапқандар интернет дәуірінің игілігін көріп жатыр. Сан түрлі әлеуметтік желіден бастап, қандай да бір затқа тапсырыс рәсімдеу, ақша аудару секілді көптеген жұмыс дәл осы ғаламтор арқылы жүзеге асатыны баршаға белгілі. Әйтсе де мұның қарапайым халық үшін пайдасымен қатар зияны да бар. Алаяқтықтың түрлі жолымен жұрттың қалтасын қағып жүргендер әлі де азаяр емес.
19 Наурыз, 2026
Наурыз мейрамы қарсаңында Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі игі іс-шаралардың легін бастап кетті. Соның бірі – оқушы қыз балалар арасында өткен «Дәстүр – ұлттың тамыры» атты байқау.
19 Наурыз, 2026
11 500 домбырашы: Ұлттық рекорд тіркелді
Алматыдағы «Almaty Arena» мұз сарайында Наурыз мейрамы қарсаңында ерекше мәдени оқиға болды. «Домбыра үні» атты ауқымды балалар флешмобына 11 500 жас домбырашы қатысып, еліміздің жаңа ұлттық рекорды тіркелді.
19 Наурыз, 2026
Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты өтіп жатыр
Түркістан қаласындағы жаңадан салынған атшабарда өтіп жатқан көкпардан әлем чемпионатына 9 елдің командалары қатысып жатыр. Атап айтқанда, Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан құрамалары жүлде жолында бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Наурыз, 2026