Пікірлер .
Әділдік – әр істің құдайшылығы
Он бірінші сыныпқа көшер шағымыз. Алғаш рет жеке куәлігімді алуға барып, аудан басын дүрліктіргеніміз бар. Тиісті мекеме маңында он бес күн жүрдік. Қарақұрым халық, бітпейтін кезек. Ақыры араға таныс полицейді салып, шаруаны сырт айналып тындырдық.
04 Желтоқсан, 2020
Аты өшкір әлгі індет туралы кеше әлеуметтік желі қолданушылардың бірі, әжептәуір пікірі бар замандас: «Бір министр, бір депутат шықты. Енді бір әнші шықса» депті. Соны оқып отырып, көкейде көптен жүрген бір секеміме әбден бекіндім: COVID қауіпті ме? Көп ит қауіпті ме? Үлкен сұрақ. Ауыздан ақ ит кіріп, көк ит шықпағанға не жетсін!
16 Маусым, 2020
Мемлекет қызметкері болсақ та, заң бойынша «мемлекеттік қызметкер» аталып көрмеппіз. Дегенмен естуіміз бар, көруіміз бар: тіптен оңай емес дүние. Несін жасырасың, күш-қуат тұрғысынан ауық-ауық әбден сығылған лимондай боп қалатыны өз алдына, күнделікті ағымда жүргеннің өзінде көбіне жақсы аты жоқ. Дүниенің бүкіл оңалмай жатқан келбетіне мемлекеттік қызметкерді кінәлау, «өй, шенеунік қой» дей салу халықтық қолданыста жиі кездеседі. Неге? Неліктен?
21 Тамыз, 2019