Пікірлер .
...Спектакль аяқталып, шапалақ соғылды. Қалың көрермен сахнагерлерге қошемет көрсетісіп, шымылдық жабылды. Шымылдықпен бірге әлгінде ғана 2 сағат бойына біртұтас әлемге айналып, бірге тыныстаған сахнадағы актерлер мен залдағы көрермендер арасындағы шекара да, толассыз толағай әсерлер де шорт үзілді.
15 Наурыз, 2018
Көктем келді! Қыс мезгілімен салыстырғанда, театрға келушілердің қарасы әдеттегіден көбейе түсетін шақ. Спектакльден кейінгі дәлізді жайлаған көтеріңкі көңіл, жарқын-жарқын күлкі... Көріп көз қуанады. Әйтсе де, театрға келетін сол көрермен қойылымға келумен қатар, театрда жүріп-тұру мәдениетін қатар игерсе деген бір игі тілек қылтияды көңіл түкпірінде...
19 Сәуір, 2017
…«Абай» трагедиясы – симфония, ал симфонияны балалайкамен ойнаса не болар еді? Сендер балалайкашысыңдар, деп Қалибекті де, мені де, бүкіл коллективті де қатты мұқатып, күдер үзе, автор Семейге жүріп кетті».
15 Қаңтар, 2017