Көп оқылғандар
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі 6,4%-ға өсті
Еліміздегі өңдеу өнеркәсібі тұрақты даму қарқынын сақтап отыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жариялаған деректерге сәйкес, 2025 жылы саладағы өндіріс көлемі 6,4% өскен, деп жазады Egemen.kz.
Кеше
Шет ауданынан шыққан спортшы республикалық асық ату турнирінде жеңіске жетті
Астанада өткен асық атудан республикалық турнирде Шет ауданының спортшысы Мейір Рахымжан жеңімпаз атанды. Жүлделі орындар үшін Қазақстанның 9 облысынан келген 67 қатысушы бақ сынады. Дүбірлі дода Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спортшысы, әлем чемпионы, Азия чемпионы және ҚР спорт шебері Мырзамұрат Қайыпбековтің құрметіне арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ертең елордада бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы хабарлама таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
Бельгияда Мұқағали Мақатаевтің мерейтойы мен шығармашылығына арнап әдеби іс-шара өтті
Брюссель қаласындағы Қазақ мәдени орталығында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай әдеби-поэтикалық кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
Алматыда «Мен – ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын» әдеби сазды кеш өтті
Бүгін Алматыда қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай әдеби-поэтикалық кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше
«Бір қолымен бесікті тербеген» дейтін теңеу отбасымен қоса ғылымды игерген әйелдерге дөп келетіндей. Олар – кешегі қазақ қыздарынан шыққан танымал журналист, педагогика ғылымында орны бар тұлға Нәзипа Құлжанова, отандық медицина ғылымының қалыптасуына үлес қосқан алғашқы дәрігерлер Гүлсім Асфендиярова мен Аққағаз Досжанова, кәсіби білім алған музыкатанушы Гүлжауһар Шомбалова, тұңғыш әйел-палентолог Балдырған Қожамқұлова, құқық пен медицина ғылымына үлес қосқан тіс дәрігері Мүбина Ниязова, тұңғыш биолог Нәйлә Базанова. Бүгінде осындай көрнекті ғалымдардың ізін жалғаған зерттеушілер бар. Елімізде ғылыми дәрежеге ие 120 896 маман болса, соның 62 433-і, яғни 51,6 пайызы – әйелдер. Бұл сандар – соның дәлелі. Солардың бір парасын БҰҰ бекіткен, 11 ақпанда аталып өткен Ғылымдағы әйелдер мен қыздар күніне орай ұсынып отырмыз.
Бүгін, 08:00
«Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым», деген жыр алыбының жыршылық өнері зерттеу нысанасына айналғанымен, оның айналасы әлі толық зерделеніп біткен жоқ. Әсіресе ақынның жанында жүріп хатшысы қызметін атқарған ақындар жайында көп айтыла бермейді. Осы орайда жыршының 180 жылдығы қарсаңында оның әдеби хатшысы қызметін атқарған қаламгерлер тақырыбын арнайы қаузадық.
Бүгін, 08:05
Ықылым замандағы жыраулардың жүздеген дастанын жатқа білетін Бекарыс Көштаев «Алпамыс батыр» жырын төрт сағат тоқтаусыз айтып беруге әзір. Ұзын саны 300-ден астам жыр-дастанды жаттап алған ол қазіргі уақытта өнегелі ұстаз ретінде шәкірт тәрбиелеп жүр. Эпостық жырлардың бұлағынан қанып ішіп, домбыра үнімен әрлеген өнерпаз кейінгі толқынның да сабақтастықты үзбегенін, бабалардан қалған бай мұраны жалғағанын қалайды.
Бүгін, 08:10
Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада аламанының бесінші күнінде де спортшыларымызға медаль бұйырмады.
Бүгін, 08:25
Экологиялық түйткілдің түйіні қашан тарқайды?
Ақтөбе облысында ұзақ жылдан бері шешілмей келе жатқан бірнеше экологиялық мәселе бар. Олардың ең негізгілері – іргелі өндіріс ошақтары саналатын ферроқорытпа және хром қосындылары зауыттарынан тарайтын шаң-түтін, әбден тозығы жеткен кәріз-тазарту қондырғылары мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонынан шығатын, қолқаны қабатын жағымсыз иіс.
Бүгін, 08:40
Қазіргі жаһандық даму жағдайын да экономикалық және технологиялық трансформациялар әлемдік тәртіптің бет-бейнесін түбегейлі өзгертіп жатыр. Әлеуметтік-саяси үдерістер қарқын алып, геосаяси тұрақсыздық пен тәуекелдер күшейіп келеді. Мұндай жағдайда мемлекеттердің өміршеңдігі бұрынғыдай тек ресурстарға не формальды егемендікке емес, институционалдық беріктікке, құқықтық жүйенің әділеттілігі мен тиімділігіне, сондай-ақ қоғамның ішкі бірлігі мен құндылық тұтастығына тікелей тәуелді бола түсті. Сондықтан тәуелсіздік –бір мәрте қол жеткізіп, мәңгілікке сақтала беретін мәртебе емес, үздіксіз еңбекті, жаңғыруды талап ететін күрделі әрі жауапты үдеріс.
Бүгін, 08:27
Басқа басылымдардан: Мемлекет дамуына қуатты серпін береді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні елдің жаңа Конституциясы бойынша ұлттық референдумды 15 наурызға белгілеу туралы Жарлыққа қол қойды.
Бүгін, 08:22
Референдум өткізу жоспары бекітілді
15 наурызда ел азаматтары жаңа Конституция жобасына дауыс береді. Осыған байланысты Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті. Оған сәйкес, кешеден бастап 14 наурыз сағат 00.00-ге дейін үгіт жүргізуге рұқсат етілді.
Бүгін, 08:38
Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ
Құрметті референдумға қатысушы! Сіздің референдумға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асырудың кепілі – Өзіңізді республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізу.
Бүгін, 08:43
Сенат халықаралық келісімдерді мақұлдады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Мемлекет басшысының Жарлығымен осы жылдың 15 наурызында өтетін жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумды қолдайтындарын білдірді. Сондай-ақ отырыста күн тәртібіне шығарылған халықаралық келісімдер қаралып, мақұлданды.
Бүгін, 08:48
Халық пен салықтың есебін түгендеген жоба
Жаңа Салық кодексіндегі нормаларды түсіндіріп, осыған қатысты туындаған мәселелерді шешуге көмектесетін «Халық бухгалтері» акциясы жүріп жатыр. Халыққа арналған жобаның қаншалықты тиімді екеніне көз жеткізу мақсатында елордадағы Сарайшық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына бардық.
Бүгін, 08:55
Қызылша науқасына қатысты мәселе талқыланды
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына қатысты кеңес өтті. Онда қызылшаның таралу мәселесі жеке қаралды.
Бүгін, 08:58
Қысқы Олимпиада: Бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді
Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бүгін төртжылдықтың басты бәсекесінде ел құрамасы спорттың 3 түрі бойынша жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.
Бүгін, 09:06
Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Бүгін, 09:20
Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» синоптиктері 13 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтілетінін ескертті. Кей аймақтарда көктайғақ, тұман, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін, 09:47