Қоғам • 29 Сәуір, 2026
Елордада «National Geographic Qazaqstan» журналының елшілері анықталды. Бұл 1888 жылдан бері тарихы бар басылымның елімізде жарық көре бастағанына 10 жыл толуына орай өткізіліп отыр. Жиынға оқушылар, студенттер, зерттеуші-ғалымдар, ғылымды насихаттаушылар, экологиялық ұйымдар мен мемлекеттік органдар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Пікір • 29 Сәуір, 2026
Өткенде мектепте жұмыс істеп келе жатқанына қырық жылдай уақыт болған Бауыржан Мағазұлы есімді ағаймен аз-кем сөйлесіп қалдық. Оқушыларға қатысты әр мәселенің басын бір шалған қазақ тілі пәнінің мұғалімі бір кезде: «Қазіргі ұрпақ тым ұсақталып кетті. Өте нәзік. Жаны да, тәні де әлсіз. Сәл нәрсеге бола морт сынып, кішкене қара жұмысқа жұмсасаң, қиналып қалады», деді. Нені меңзеп тұр екен деп, әңгімеге тарттық. Сөйтсек бірер күн бұрын мектеп маңына ағаш көшетін егу үшін 10–11 сыныптың ұлдарына жер қаздырған екен. Ертесіне «күректен қолымыз ойылып, жара шығып кетті» деп жартысына жуығы сабаққа келмей қалыпты.
Мирас • 29 Сәуір, 2026
Жуалыға жол түссе, даңқты Бауыржан Момышұлының мұражайына соқпай кетпейміз. Онда сақталған ерекше жәдігерлер тұлғаның толық болмысын ашып, әртүрлі шығармашылық қырын танытады. Ерлікке толған жүректің өнерге деген іңкәрлігін, ішкі жан-дүниесінің рухани байлығын байқатады. Аңызға айналған ғұмырдың әр парағы, әр естелігі қаһарман кеуденің арғы жағындағы нәзік бір әлемнен сыр шертеді.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2026
Аршатыны көрмей, Алтайды көрдім деу, бекер шығар. Табиғаттың тұмсасы сол жақта. Берекелі ауылдың көшелері де жинақы, тұрғындары тиянақты. Қандай да мәселе болса, ауылдың қорынан қаржы шығарып, ыңғайын табады. Мұндағы жалғыз мәселе, мектептегі баланың азайып бара жатқандығы. Қалай десек те, көш тоқтаған жоқ. Тұрғындар мектеп жабылып қалмаса екен деп алаңдайды.
Тұлға • 28 Сәуір, 2026
Замана дарабозы немесе Ахмет Жұбанов туралы үзік сыр
Ахмет Жұбанов – Ұлы Даланың әуездік шежіре-мұрасын түпнұсқа түрінде ұрпағына жеткізіп, рухани тірегіне айналдырған замана дарабозы. Бұл жанның өскен-өнген ортасына, рухани-ұстамдық қағидасына, мақсат-арманына, жан әлеміне, үнемі алыс-тартыста өткен өмір жолына тереңірек үңіліп, ой толқытсақ.