Жәдігер • 12 Наурыз, 2026
Елордадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында ХІV ғасыр туындысы «Хұсрау-Шырын» дастанының Париж ұлттық кітапхана қорынан алынған түпнұсқалық көшірмесі сақтаулы тұр.
Спорт • 12 Наурыз, 2026
Ербол Хамитов – Паралимпиада жүлдегері!
Италияның Милан, Кортина-д’Ампеццо қалаларында XIV қысқы Паралимпиада ойындары өтіп жатыр. Еліміздің ұлттық құрамасы парашаңғы мен парабиатлон спорт түрлерінен додаға түсіп жатыр.
Тұлға • 12 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Ұлттық құрылтай мінберінен жариялаған бастамалары еліміздің саяси архитектурасын айқындау жолындағы маңызды қадам болды. Соның бірі – вице-президент лауазымын қайта жаңғыртып, оны Конституциялық деңгейде бекіту ұсынысы. Бұл институт Президенттің стратегиялық тапсырмаларын іске асырудың тиімді тетігіне айналып, халықаралық аренадағы келіссөздер мен биік мінберлерде ұлттық мүддемізді қорғаудың жаңа сапалық деңгейін қалыптастырмақ. Осы орайда вице-президент еліміздің мемлекеттік құрылымында таңсық лауазым емес екенін айта кеткен жөн. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл жауапты қызметті көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ерік Асанбаев абыроймен атқарған еді. Осынау парасатты тұлғаның, білікті саясаткердің туғанына 90 жыл толуы аталған институттың жаңғыру үдерісімен тұспа-тұс келіп отыр.
Спорт • 12 Наурыз, 2026
Бүгін Нидерландтың Алкмар қаласында батуттағы гимнастикадан әлем кубогінің екінші кезеңі басталады. Дүбірлі додада еліміздің құрамасы сапында үш спортшы — Ерлан Тасмағамбетов, Роман Барков, Никита Тумаков бақ сынайды. Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде Роман Барков 8-орынды місе тұтқан еді. Ал синхронды секіру бағдарламасында Роман мен Ерлан 5-орынға тұрақтады.
Спорт • 12 Наурыз, 2026
Шалқар ауданының орталығында В.Н.Цеханович атындағы спорт кешені ашылды. Бокс, дзюдо, грек-рим күресі сияқты олимпиадалық спорт түрлерімен бір мезетте жүзден астам бала жаттығуға лайықталған бірнеше залы, киім ауыстыратын бөлмелері мен 300 орындық трибунасы бар жаңа кешен ашылғанына жұртшылық қатты қуанды.