Логистика • 21 Мамыр, 2026
Қазақстан логистикасы: елдің транзиттік әлеуеті қалай дамып жатыр?
Қазақстан соңғы жылдары көлік-логистика саласын дамытуға айрықша назар аударып келеді. Географиялық тұрғыдан алғанда ел Еуропа мен Қытайды, Ресей мен Орталық Азияны байланыстыратын маңызды транзиттік дәліздердің торабында орналасқан. Сарапшылардың айтуынша, бұл артықшылықты тиімді пайдалану Қазақстанды аймақтық логистикалық хабқа айналдыруға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Көзге көрінбейтін бақылау: Жасырын патруль қалай жұмыс істейді?
Алматы қаласында «STOP бұзушылық» ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілген болатын. Осы жүйе қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бірі мұны жолдағы тәртіпті күшейтудің тиімді тәсілі десе, енді бірі жүргізушілерге бақылаудың артуы ретінде қабылдайды. Осыған байланысты Egemen.kz редакциясы Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдап, жаңа жүйенің мақсаты мен тиімділігін зерделеп көрді.
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Ес білгеннен біздің үйде кітап көп болатын. Екі кітап шкафы бар еді. Кітаптар екі қатардан қойылатын. Ауылдың ауқымымен, алпысыншы жылдардың жағдайымен қарағанда бұл көп кітап саналатынын шамалау қиын емес. Көкем кітапты көп оқитын. Әттең, өмірден ерте кетті – қырық жасында. Алтыншы класс оқушысы едім. Әкенің көп қасиетін бойға жұғыстырып үлгере алмаған күйі қала бердім. Әйтсе де әйтеуір бір қасиеті анық ауысты дей аламын. Ол қасиеті – кітап оқуға құмарлық. Сол құмарлық мені әлі күнге ұлы көштен қалдырмай келеді. Жасымыз жетпістің бесеуіне келгенде де қолдан кітап тастамаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітапқа қатысты арнаулы Жарлық шығаруына қуанатынымыз да сондықтан.
Саясат • 20 Мамыр, 2026
Алтын Орда: Ұлы дала өркениетінің алтын арқауы
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтті. Оған әлемнің 20-дан аса елінен делегация қатысты. Олардың қатарында тарихшы-медиевистер, археологтер, шығыстанушылар, түркітанушылар, моңғолтанушылар, нумизматтар, эпиграфика мамандары, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.
Саясат • 20 Мамыр, 2026
Барлыбай Садықов: Қазақстан мен Кения байланысы жаңа деңгейге көтерілмек
Мемлекет басшысының шақыруымен Африкадағы көшбасшы елдердің бірі саналатын Кения Республикасының Президенті Уильям Руто елімізге мемлекеттік сапармен келді. Елдеріміз дипломатиялық қарым-қатынастың алғашқы кірпішін сонау 1993 жылы қалағанымен, екіжақты байланыс әлі де қалыптасу кезеңін өткізіп жатыр. Осы ретте еліміздің Кения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Барлыбай САДЫҚОВПЕН сұхбаттасып, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың келешегі туралы әңгімелестік.