Әлем • 28 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Ресейді әлемдегі ең ұзын үзіліссіз құрлықтық шекара байланыстырады. Осы шекараның бойында Ресейдің он облысы мен бір өлкесі, сондай-ақ Алтай Республикасы еліміздің жеті облысымен иін тіресіп жатыр. Бұл аталған өңірлер арасында жан-жақты тығыз байланыс орнатуға берік негіз қалыптастырады.
Несие • 27 Сәуір, 2026
Несие төлемін кешіктіргенде нені білген жөн?
Қазіргі таңда тұрмыстық қажеттіліктерді шешуге, ірі сатып алулар жасауға немесе күтпеген шығындарды жабу мақсатында несие алу қалыпты жағдайға айналды. Алайда кейде қаржылық қиындықтар туындап, несиені уақытылы төлеу мүмкін болмай қалады. Мұндай жағдайда борышкерлерге нені білген маңызды? Осы сауал төңірегінде қажетті кеңестер алу үшін сарапшы мамандарға жүгінген едік.
Тұлға • 24 Сәуір, 2026
Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тарихта әділетсіздіктің құрбаны болып, ұмытылған тұлға көп, соның бірі – қазақтан шыққан тұңғыш драматург, қоғам қайраткері Ишанғали Меңдіханов.
Мирас • 24 Сәуір, 2026
Осыдан шамамен 800 жыл бұрын Жошы хан айтты деген сөз бар. Оған дейін орман елдерін бағындырып, қаншама халықты қантөгіссіз тізе бүктірген Шыңғыс қағанның тұңғыш ұлы сол кездегі Қыпшақ даласы, қазіргі Қазақ даласына біткен Ұлытауды көргенде: «Төрткүл әлемді шарласаң да мұндай жанға жайлы жер, таза ауа, дәмді су, кең шалқар соныны іздесең таппассың», деп тұрып қалған екен.
Сұхбат • 24 Сәуір, 2026
Әр текше метрдегі сенімділік: «Интергаз Орталық Азия» АҚ қыс сынағынан сүрінбей өтті
Көгілдір отынның үзіліссіз берілуі – тек тұрмыстық жайлылықтың ғана емес, ұлттық қауіпсіздіктің де басты кепілі. Еліміздің қан тамырындай іргелі магистралдар арқылы жылу мен жарық тарататын «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы – «Интергаз Орталық Азия» АҚ 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымын абыроймен аяқтады. Қыраулы қыстың қыспағы мен жоғары жүктемелерге қарамастан, газ тасымалдау жүйесі сағаттай дәл жұмыс істеп, ел экономикасы мен халықтың игілігіне қалтқысыз қызмет етті. Осы орайда біз атқарылған ауқымды жұмыс, стратегиялық бағыттар мен алдағы қысқа дайындық туралы «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының орынбасары Азамат ДАВЛЕТОВПЕН арнайы сұхбаттасқан едік.