Саясат • 05 Наурыз, 2026
Ынтымақтастықтың іргелі негізі
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен кездесіп, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ серіктестікті одан әрі нығайтуға қатысты міндеттерге тоқталды.
Референдум • 04 Наурыз, 2026
Тағы 15 мемлекет қатысуға ниет білдірді
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ референдумды бағалау миссиясының басшысы Дуглас Брюс Уэйкпен кездесті. Жүздесуде елдегі жалпыұлттық науқанға дайындық барысы, сайлау үдерісінің ашықтығы мен қолжетімділігі сөз болды.
Саясат • 04 Наурыз, 2026
Ортақ жауапкершіліктің көрінісі
Талдықорғанда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының жұртшылығымен кездесті. Сапар аясында өткен іс-шараларға «Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі» тақырыбы арқау болды. Жергілікті шаруалар, өндіріс қызметкерлері, белсенді жастар, мәслихат депутаттары және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен болған кездесулерде жаңа Конституция жобасының маңызды нормалары кеңінен талқыланды.
Саясат • 04 Наурыз, 2026
«E-қызмет»: халықаралық жоғары баға
Былтыр мемлекеттік қызметке іріктеу, кадрды басқару толықтай цифрландырылды. Бүгінде онлайн іріктеу 94 мемлекеттік органды қамтып отыр. Цифрлық іріктеудің тиімділігінің нәтижесінде орта есеппен бір бос орынға 7 үміткерден келіп, бәсекелестік 3,5 есеге артқан. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіндегі кеңейтілген алқа отырысында айтылды.
Референдум • 04 Наурыз, 2026
Жалпыұлттық коалиция – Абай өңірінде
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Абай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді.