Саясат • Бүгін, 09:00

«E-қызмет»: халықаралық жоғары баға

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Былтыр мемлекеттік қызметке іріктеу, кадрды басқару толықтай цифр­ландырылды. Бүгінде онлайн іріктеу 94 мемлекеттік органды қамтып отыр. Цифрлық іріктеудің тиімділігінің нәтижесінде орта есеппен бір бос орынға
7 үміткерден келіп, бәсекелестік 3,5 есеге артқан. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіндегі кеңейтілген алқа отырысында айтылды.

«E-қызмет»: халықаралық жоғары баға

Сурет: inbusiness.kz

Алқа отырысында агенттік төрағасы Дархан Жазықбай 2025 жыл мемлекет­тік қызмет жүйесі институционалдық тұрғыдан жаңғыртылған жыл болғанын атап өтті.

«Былтыр мемлекеттік қызметті дамы­ту­дың 2024–2029 жылдарға арналған Тұжырым­дамасын жүзеге асыру мақса­тын­да «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасы әзірленіп, желтоқсан айын­да Мәжіліс қарауына енгізілді. Бұл құжат қазіргідей тек еңбек қатынаста­рын, яғни мемлекеттік қызметке кіру, өткеру, оны тоқтату мәселелерін реттеумен шектелмей, ең бастысы – мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының адамға бағдарланған үлгісін бекітуді көздейді»,  деді Д.Жазықбай.

Сондай-ақ өткен жылы Президенттік жастар кадр резервіне төртінші іріктеу кезеңі өтті. Нәтижесінде, резерв 6 бағыт бойынша 50 салалық білікті маманмен толықты. Жыл өткен сайын жобаға қызығушылық артып келеді. Мәселен, 2019 жылы 13 мың азамат қатысуға ниет білдірсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 32 мыңға жетті. Жалпы резервке алынған 450 азаматтың 337-сі бүгінде түрлі салаларда еңбек етіп жатыр. Өңірлік кадр резервтер де нақты нәтиже көрсетті. 538 резервшінің 260-ы жаңа лауазымдарға тағайындалып, олардың 193-і жергілікті атқарушы органдарда басшылық қызметке орналасты.

Салада таланттарды тартудың өзге де тетіктері қолданылып келеді. 735 үздік түлек (GPA 3,33-тен төмен емес) конкурс­тан тыс ауылдық және аудандық деңгей­дегі лауазымдарға қабылданды. Агент­тік 964 жоғары лауазымға конкурссыз тағайындауды келісіп, олардың 19,5%-ы квазимемлекеттік, жеке сектор өкілдері болды.

– «E-қызмет» жүйесінің тәжірибесі әлемдік деңгейде жоғары бағаланды. Ашып айтсақ, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының халықаралық OPSI платформасында мемлекеттік сектордағы үздік инновациялық жоба ретінде жарияланды. Бұл еліміздің мемлекеттік қызметтегі персоналды басқаруды цифрландыру­дағы жетістігінің жаһандық деңгейде мойындалуын білдіреді. Ел тәжірибесі өзге елдерге ұтымды тәжірибе ретінде ұсыны­лады. Қазіргі таңда бірқатар мемлекет қазақстандық модельге қызығушылық танытып отыр, – деді агенттік төрағасы.

Былтыр «Бірыңғай кадрлық жүйе» арқылы бюджеттік ұйымдардағы кадрлық іс жүргізу толық автоматтандырылды. Жоспарланған 2,4 мың ұйымның орнына 2,9 мың ұйым жүйеге қосылды. 482 мың қызметкердің цифрлық профилі қалыптастырылды. Проактивті бақылау тетіктері енгізіліп, мүдделер қақтығысын автоматты түрде анықтау мүмкіндігі іске қосылды.

Жасанды интеллект құралдарын енгізу, мемлекеттік қызметшілерді оқыту жұмысы жалғасты. Мемлекеттік басқару академия­сында «Цифрлық мемлекеттік басқару» магистрлік бағдарламасы іске қосылды.
«AI Qyzmet» бағдарламасы негізінде 52 мың­нан аса әкімшілік қызметші оқы­тылды, ал «AI Governance 500» бағдар­ла­ма­сы аясында 100 саяси қызметші білім алды.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында сервистік, клиентке бағдарланған модель нығайтылды. Қашықтан мониторинг нәтижесінде 2 600-ден аса азаматтың құқығы проактивті түрде қалпына келті­рілді. Мемлекеттік қызметшілердің құқық­тарын қорғау, әдеп нормаларын сақтау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Был­тыр 19 007 бұзушылық анықтал­ды. Про­филактикалық жұмыс аясында 28 мыңнан аса іс-шара өткізілді.

Мемлекеттік аппаратты бюрократия­дан арылту жұмысы аясында 1 335 ұсыныс әзірленіп, оның 406-сы іске асырылды. Жүргізілген талдаулар нәтижесінде миллиардтаған теңге көлеміндегі тәуекел­дердің алдын алу шаралары қабылданды.

Айта кетейік, жиынға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Мәжіліс депутаттары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшы­лығы, Президент жанындағы Мем­лекеттік басқару академиясы, агент­тік жанындағы Қоғамдық кеңес, Әдеп жөніндегі комиссия, Бюрократиядан арылту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі консультативтік-сараптамалық топ мүшелері, сондай-ақ агенттіктің аумақтық бөлімшелері мен Мемлекеттік басқару академиясының филиалдары онлайн қатысты. 

Соңғы жаңалықтар

15 мемлекет қатысады

Референдум • Бүгін, 09:10

Жастар – өзгерістің тың күші

Жастар • Бүгін, 08:53

Табыс неге азайды?

Экономика • Бүгін, 08:48