Білім • 27 Ақпан, 2026
Кеген ауданындағы Тасашы орта мектеп-интернатындағы оқушылар саны бұдан он шақты жыл бұрын 300-ге жуықтайтын еді. Одан бергі уақытта бала санының күрт төмендеп кеткені байқалады. Биыл білім шаңырағындағы 142 оқушыны 32 мұғалім оқытады. Ал мектеп жанындағы еңселі үш қабатты интернат үйіне 65 бала орналасқан.
Зерде • 27 Ақпан, 2026
Хан апа «Егемендік» әріптес інім, белгілі спорт журналисі Ғалым Сүлейменнің тілімен айтқанда, «Жаңа жылда ғұмырының 105-қаңтарының есігін айқара ашқан Ханымбүбі апамыз өнер, мәдениет, жалпы қаламгерлер арасында алға шығып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді!» Сүйегі асыл апамыздың, аяулы әріптес анамыздың өмірі толы өнеге, шапағаты айналасына шашылып жатыр.
Таным • 27 Ақпан, 2026
Тұрфандағы... «Астана»: Қадымнан бүгінге жеткен атаудың мәні
2012 жылдың көктемі болатын. Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігінен хат алдық. Онда бір кездері сол мемлекетте өмірге келіп, кейін басқа елдерде тірлік етіп жатқан түрлі ұлттар өкілдерінің ішіндегі қабылет-қарымымен белгілі бір жетістікке жеткен жандарды Бейжіңге шақырып, олармен басқосу өткізілетіні айтылыпты. Ескерте кетейік, әлемдік тәжірибеде бұл бұрыннан бар үрдіс. Оған, мәселен, КСРО-ның күшіне мініп тұрған кезінің өзінде атақты биші Галина Уланованың Канадаға шақырылуы анық дәлел.
Тұлға • 27 Ақпан, 2026
Биыл – Жамбыл жыраудың 180 жылдық мерейтойы ұлттық деңгейде аталып өтетін жыл. Атақ-даңқы әлдеқашан әлемді аралап кеткен, рухани мұрасы халық қазынасына айналған абыз ақынның, жырау Жамбылдың мерейтойын Алаш баласы түгел атап өтетініне күмәнім жоқ.
Өнер • 27 Ақпан, 2026
Шынайы сезімнің шебері, барлық шығармасының дерлік бағы жанған, әлемдегі ең әйгілі композиторлардың бірі Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры опера, заманауи би, театр мен цирк өнерін бір сахнада тоғыстырған «Puccini Dance Circus Opera» спектаклін ұсынды.