Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Биыл 14 828 этностық қазақ тарихи отаны оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 162,9 мың қандасымыз оралды.
Ғалам ғажаптары • 26 Желтоқсан, 2025
«Google» «Gemini» платформасына негізделген «Disco» атты браузер құралын жариялады. Бұл технология ашық тұрған браузер беттерін интерактивті веб-қосымшаларға айналдыруға мүмкіндік береді.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
«Sofascore» порталы 2025 жылдың қорытындысы бойынша ең жақсы нәтиже көрсеткен еліміз футболшылары- ның есімдерін атады. Үздіктер тізімін тасқамал қорғаушы Нұралы Әліп бастап тұр. Ұлттық құрама мен Ресей премьер-лигасындағы Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының намысын қорғап жүрген қандасымыз әр ойын барысында орта есеппен 7,35 ұпай жинады.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
Едіге ЕМБЕРДІ: Арманым – Олимпиада алтыны!
Едіге 2022 жылы жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында топ жарып, жаһан рекордын жаңартты. Жастар қатарында екі мәрте әлемнің үздігі атанды. Жақында Сауд Арабиясында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарынан да олжалы оралды. Ауыр атлетика жампозы қазір жарақатын емдетіп жүр. Оқу-жаттығу жиынынан босай бермейтін толағай күш иесімен ем-домының арасында сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Ғалам ғажаптары • 26 Желтоқсан, 2025
Қытай астанасы Бейжіңде гуманоидты роботтарды даярлауға арналған елдегі ең ірі орталық жұмысын бастады. Бұл кешен «роботтар мектебі» деп аталады.