Дәстүр • 15 Қаңтар, 2024
Қыран құс не алмайды салса баптап...
Биыл елімізде ірі халықаралық жоба – «Көшпелілер ойыны» өтетіні мәлім. Халқымыздың ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан ұлы құндылықтарын әлем назарына ұсынатын осы бір айтулы додаға дайындық жұмыстары басталып кетті. Соның бірі ұлттық ойындарымыздың төресі саналатын құсбегілік өнері дер едік.
Қаржы • 15 Қаңтар, 2024
Шетел валютасына сұраныс төмендеді
Ел тұрғындары арасында доллар мен еуроны таза сату былтырмен салыстырғанда төмендеген. 2023 жылдың қаңтар-қарашасында доллардың таза сатылымы 1,55 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға аз. Еуро көрсеткіші бір жылда 27,7 пайызға, 201,96 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
Елімізде мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалтуға арналған қанатқақты жоба іске қосылды. Енді мүмкіндігі төмен баласы бар ата-аналар оңалту орталықтарына бармай-ақ мамандардың көмегімен өзі де оңалту шараларын істей алады.
Президент • 15 Қаңтар, 2024
Президент Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады
Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас басылымымызға берген сұхбатында жылу желілерінің үздіксіз берілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Үкіметтің де күн тәртібінде тұрған мәселесі – бұл. Жылыту маусымына дайындық жұмыстары, әсіресе Балқаш қаласында биыл қызу жүргенін атап өткеніміз жөн.