Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2025
Осы біздің Шығыста береке-бірлігі жарасқан, бір-біріне қарасқан ауыл қайсы десең, Жанұзақ емес пе дейді көбісі. Қайбір жылы дүкенінде ащы сусын сатылмайды деп, көпке үлгі еткеніміз де бар. Ішімдік ішу-ішпеуін індете зерттей қоймадық, бірақ ауылдың ерекшелігін барғанда көрдік: үй-үйдің арасында қоршауы жоқ, айрандай ұйыған ел.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2025
Әйгілі Мұзағаң, Мұзафар Әлімбаевтың туған топырағы – Шарбақты ауданында кейінгі екі жылда халық игілігі үшін қолға алынған ізгі істер көз қуантады. Мұнда тек биыл пәтер кезегінде тұрған 110 азамат баспаналы болды. Өңір экономикасында қазына қаражатын еселей түсетін жобалар да көбейіп келеді.
Экономика • 16 Желтоқсан, 2025
Бүгінде еліміздің автомобиль өнеркәсібі қарқынды дамып, ел экономикасының маңызды салаларының біріне айналды. Саланың тұрақты дамуына мемлекеттік қолдау, инвестиция тарту, өндірістік инфрақұрылым құру, шетелдік компаниялар- мен әріптестік орната отырып, жаңа технологияларды енгізуге ықпал етті. Ресми деректер бойынша, биылғы 9 ай ішінде елімізде 109 223 техника өндірілген.
Тарих • 16 Желтоқсан, 2025
Қазақ астаналарының тарихында айрықша орны бар қала – Алаш қаласы. Біздің бұл туралы алғашқы мағлұматымыз – көрнекті жазушы, алаш арысы Жүсіпбек Аймауытұлының 1927 жылы жазған әйгілі «Ақбілек» романындағы: «Семей – бір губерния елдің жүрегі. Семей бүлкілдесе, бір губерния ел бүлкілдейді. Ертістің оң қабағында – Семей, солында – Алаш қаласы...», деген сөзі еді.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Алматы облысында халық саны мен жастар үлесі ең жоғары саналатын Қарасай ауданында Тәуелсіздік күні қарсаңында Жастар ресурстық орталығының жаңа екі қабатты ғимараты пайдалануға берілді.