Теннис • 06 Сәуір, 2023
Ярослава ШВЕДОВА: Жанкүйерлер қолдауын сезіну – зор бақыт
Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы 14-15 сәуір күндері елордада Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі аясында Польша теннисшілерімен шеберлік байқасады. Матч Астанадағы «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығының кортында өтеді. Осы кездесудің алдында Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведовадан теннисшілердің жауапты кездесуге дайындығын, жерлестеріміздің биылғы маусымдағы мақсат-міндеті қандай екенін сұрап білген едік.
Денсаулық • 06 Сәуір, 2023
Цифрлық аутизм арнаулы бағдарлама қабылдауға мәжбүрлеуі мүмкін
Бүгінгінің баласы үңіліп отырған гаджетін алып қойсаң, қолыңда өле жаздайды. Тіпті жылап жатқан сәбиге смартфоныңды ұстатсаң, сол сәтте бақырғанын сап тыйып, виртуалды әлемге енуге әрекет жасайтынына таңғалмайтын күнге жеттік. Мұның алаңдататын жайтқа айналғаны соншалықты, арнаулы мамандар қазір осы ауытқудың түрлерін жіктеп бере алатын жағдайға жетті...
Қоғам • 05 Сәуір, 2023
Биылғы жыл «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымы үшін айрықша болғалы тұр. Бұған маңызды себептің бірі – ел руханиятына өлшеусіз үлес қосқан, киелі Әулиеата топырағындағы бай тарихи-мәдени мұрамызды қорғау, сақтау, насихаттау жолына 20 жылын арнаған белгілі қайраткер Тәкен Молдақыновтың мерейтойы.
Руханият • 05 Сәуір, 2023
Ақаңның дәрісі, Смағұлдың төрелігі, Міржақыптың дауысы
Ұлт тәуелсіздігі, намысы, мұраты жолында жан алысып, жан беріскен Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлының, Міржақып Дулатұлының, Смағұл Садуақасұлының тұлғалық болмысы, санаткерлік қызметі, ұстаздық, білімділік мәдениеті, шеберлігі, ойлау, сөйлеу, даналық деңгейі, ұшқырлық қабілеті елшілдіктің ерен үлгісі дер едік.
Әдебиет • 05 Сәуір, 2023
Адамның тәні ет пен сүйектен жаралған соң әлсіз келеді дейміз. Адамда жүрек болған соң нәзік келеді дейміз. Айналадағының бәрін – суық пен жылуды, қатты мен жұмсақты, қараңғы мен жарықты, жақсы мен жаманды сезетін адамның жаны сондықтан да жиі жараланатын болар. Иә, сырттай қарағанда адам таудан биік емес. Қара тастай қатты да емес. Бірақ сол адамзат жер бетінде тіршілік басталғалы бері әділетсіздікпен, зұлымдықпен күресіп келеді. Жалпы, осы адамның ішкі рухын жеңу мүмкін бе екен?