Өндіріс • 02 Наурыз, 2023
Цемент өндірісі стандартқа сай
Тұрғын үй, жол және әлеуметтік нысан секілді құрылыс кешенінің жедел дамуы цемент өнеркәсібінің жұмысын жандандырып жатыр. Оның үстіне халық өсімі мен адамдардың мегаполистерге қоныс аударуы цемент пен өзге де құрылыс материалдарына деген сұранысты арттырып отыр. Республика бойынша жыл сайын 17 миллион тонна цементтің 20 түрін өндіретін 15-ке тарта зауыттың жалпы қуаты мен орташа жүктемесі 60-70% болса, өткен жылдың қорытындысына сәйкес отқа төзімді цемент ерітінділері мен ұқсас қоспалар өндірісіндегі отандық зауыт үлесі 86,6%-ға (алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 12,3 пайызға артқан) жетіп, құрылыс материалдарын өндіру көлемі 1,1 трлн теңгені құрап, соның ішінде цемент клинкерлерінің өндірісі 8 289 мың тонна болған. Еліміздегі технологиялық өндірістердің жаңғыруы арқасында цемент өндірісі 13 есе өскен.
Экономика • 02 Наурыз, 2023
Тұрғын үй нарығы: Төмен мөлшерлемелі бағдарламалар экономикаға зиянын тигізіп жатыр
Тұрғын үй нарығы туралы сөз болғанда, әңгіме мемлекеттік бағдарламаға келіп тіреледі. Бірқатар сарапшы жеңілдетілген шарттары бар бағдарламалардың экономикаға орасан зор зиян келтіретінін айтса, екінші тарап мұндай жобаларсыз халықтың баспанаға қол жеткізуі қиындай береді дегенді алға тартады.
Дін • 02 Наурыз, 2023
Медреседегі білім мемлекет талабына сай ма?
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне ден қойсақ, елімізде 9 колледж-медресе жұмыс істейді. Осы орайда «медреседегі білім мемлекет талабына сай ма?» деген заңды сауал туындайды. Осы сұраққа жауап іздеп көрейік.
Қоғам • 02 Наурыз, 2023
Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Меценат» әдеби байқауының тұңғыш жеңімпазы, жазушы Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының тұсаукесері өтті. Тәуелсіз бәйгеде топ жарған дәл осы романы үшін автор өмір бойы ай сайын 500 АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы алып отыратынын бұған дейін жазған едік. Ұлт әдебиетіне жаңалығымен енген шығарманың таныстырылымына зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ғылым • 02 Наурыз, 2023
Ғылым академиясы қандай болуы керек?
Ғылым академиясы. Осы бір сөзге бір ұлттың ғылымы, оған деген көзқарасы мен осы саладағы болашағы сыйып-ақ тұр. Қазіргідей ғылым дәуіріне қадам басқан тұста ғылымсыз елдің болашағы бұлыңғыр екені даусыз. Бұл ретте «Ұлттық ғылым академиясының жаңа кезеңдегі – Әділетті Қазақстандағы бағыты мен бағдары қандай болуы керек?» деген маңызды сұрақ туындайды. Біз осыған жауап іздеп көрдік.