Әдебиет • 20 Сәуір, 2020
Жазушы Джером Д.Сэлинджердің соңғы парақтарын қимай-қимай жабуға мәжбүрмін. Былай қарасаңыз әкетіп бара жатқан әйдік сюжеті де жоқ сүреңсіз суреттен қимас дос таба қоюым мүмкін де емес сияқты еді. Бірақ әлдебір аңсар күй сізді шыжымдап, өзінен алысқа жібермей ұстап жатады.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2020
Қарағанды облысы: Карантиннің кезекті «қызықтары»
Қарағанды облысында «жаман тұмау» жұқтырғандардың саны сексеннен асып, тоқсанға жетіп қалды. Әзірге төрт адам сырқаттан құлан-таза айығып шықты. Көбейсе деген тілек бар! Қазір карантиннің тәртібіне көніп, тәубасына келгендердің қатары артып келеді. Дегенмен, айналадағы жағдайға салдыр-салақ қарайтындар да кездесіп қалып жатыр. Олар, әрине, азшылық. Дегенмен, бұларға қатысты да тәртіптік іс-шаралар күшейтілсе дейсің. Өйткені, «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді»... Карантиндегі Қарағандының кезекті «қызықтарының» тағы бір топтамасын назарларыңызға ұсындық, қадірменді оқырман. Үйде оқи отырыңыз!
Аймақтар • 17 Сәуір, 2020
Шымкентте індетпен күрес бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда
Тарихта небір аласапыран замандар өтті. Оның кейбірін қауымдар, халықтар мен мемлекеттер бір-бірімен соғысып қолдан жасады. Енді біразы адам баласының еркінен тыс табиғи апаттар мен індеттер түрінде орын алды. Әр ғасырда айналып келіп отырған обаның адамзатқа қандай қайғы-қасірет әкелгеніне қарт тарих куә. Бірақ, адамзат өркениеті соның бәрінен аман-есен өтті. Адамзатты апаттардан алып өткен оның бойындағы күрескерлік рух пен сабыр-төзім, ақыл-парасат пен ғылым-білім, ынтымақ-бірлік пен ТӘРТІП дейтін құндылықтар. Демек, бұл жолы да короновирус пандемиясын осы құндылықтарға арқа сүйеу арқылы ғана жеңе аламыз.
Сұхбат • 09 Сәуір, 2020
Жарылқап Бейсенбайұлы: Сана сілкінсе – алынбайтын асу жоқ
– Аға, өткен Наурыз мейрамы күні өзіңіз тұңғыш бас редакторы болған «Ана тілі» газетіне 30 жыл толды. Сұхбатымызды да осы қазақ баспасөзіне жасындай жарқылдаған еркіндіктің лебін ала келген «Ана тіліне» қатысты әңгімеден бастасақ деймін. Әлбетте, газеттің ұйымдастырылу тарихы, оған өзіңіздің «Лениншіл жастан» (бүгінгі «Жас Алаш») қалай бас редактор болғаныңыз туралы бұған дейінгі сұхбаттарыңызда айтқаныңызды білеміз. Бізді қызықтыратыны, осындай газеттің жарық көруіне, тіпті дүниеге келуіне десек те болар, қандай алғышарттар ықпал етті? Сол кезең қарсаңындағы қазақ баспасөзіне, жалпы ақпараттық-идеологиялық кеңістіктегі ахуалға тоқталып өтсеңіз.
Қазақстан • 09 Сәуір, 2020
Коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеу тәулік бойы жүріп жатыр
Бұл туралы қазақстандық ғалымдар «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне айтып берді.