Руханият • 25 Сәуір, 2019
Ел боламын десең, экраныңды түзе...
Биылғы жылдың ең жарқын жаңалығы, айтулы оқиғасының бірі де осы –«Кинематография туралы» заңның қабылдануы десек, артық айтқандық емес. Иә, бұған дейін тек «Мәдениет туралы» Заңның қосалқы бөлігі ретінде қарастырылып келген кино мәселелері енді өз алдына «енші» алып, дербес талап пен қағидаларын қабылдады. Әйтсе де, заң қабылданғанмен, қолданысында әлі де бірқатар түйткілдердің барын алға тартады киногерлер. Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей араласуымен күшіне енген аталған кино туралы құжаттың «бір қайнауы ішінде, толықтырулар мен өзгертулер кезек күттірмейтін мәселе» дейді мамандар. Осыған орай, ұлттық кинематографиямыздың ыстығы мен суығына қатар көніп, кино алаңында өлшеусіз өнер тудырып жүрген айтулы саланың кәсіби мамандарын редакциямыздың төріне ашық пікірталасқа шақырған едік. Кино туралы келелі ойларын ортаға салған мамандар елордамен шектелмей, Алматыдан да арнайы атсалысты. Дөңгелек үстеліміздің географиясы қос қаланы қамтығанмен, киногерлер пікірі негізінен бір арнада тоғысты.
Үкімет • 25 Сәуір, 2019
Заңды ізгілендіру жауапкершілікті азайту емес
Кеше Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның кезекті отырысы болып, онда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті жетілдіру мақсатымен өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Президент • 25 Сәуір, 2019
Тарихи тамырластықтан – стратегиялық серіктестікке
Кеше Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті. Екі ел басшылары күн тәртібіндегі екіжақты ынтымақтастық, халықаралық және өңірлік мәселелер жөнінде келіссөздер жүргізді.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2019
Оралда ауыл режиссерлары шеберлігін шыңдады
Орал қаласында Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының халықтық театр және көпшілік шаралары режиссерлеріне арналған «Кеңістік. Режиссура. Қолтаңба» аймақтық шеберлік сағаты өтті.
Руханият • 24 Сәуір, 2019
Электронды оқулықтар мұғалімдердің жұмысын, оқушылардың сөмкесін жеңілдетеді
Мектептерді электронды оқулықтармен барынша қамтамасыз ету – білім саласының негізгі міндет-мақсаттарына айналғанына жиырма жылға жуықтады. Бұл мәселеде әрине, ілгерілеу бар десек те, атқарылуға тиісті жұмыстар әлі жеткілікті.