Руханият • 24 Сәуір, 2019
Астанада Ұлттық ғылыми кітапханада есімі аңызға айналған «Едіге батыр» жырының 600 жылдығына орай сирек кітаптар көрмесі өткен екен. Едіге – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Бірақ біз онымен мақтанып көріппіз бе? Әйтеуір, ол туралы үлкендердің өзара сыбыр-күбірін ғана еститінбіз. Керісінше, «Едіге – халық жауы» деп даттап жаттық. Біз тек аты ертек ретінде айтылатын (балалық көңіл өлшемінде мың жыл бұрын өмір сүрген) Едігенің қалайша «халық жауы» бола қалғанына таңғалатынбыз. Сұрайтын да, жауап беретін де ешкім жоқ.
Қоғам • 24 Сәуір, 2019
Абылай ханмен тізе қосып, қалмақтарға қарсы атой салған қазақтың ержүрек ұлдарының бірі Тышқан батыр туралы деректер тым мардымсыз. Оның ерлік жорықтары көбіне Оңтүстік Сібір аумағында қалмақтар мен башқұрттарға қарсы өткен шайқастарда ғана сипатталады. Жаужүрек баһадүрдің Қызылжар өңірінде тұратын ұрпақтары аз емес. Ол жөнінде суырыпсалма айтыскер ақын Ахметжан Нұртазин, Қобылан қажы Хамзин біраз естеліктер қалдырған. Қазіргі Шал ақын ауданы Көктерек ауылы маңын мекен етіп, ағайынды Тілеке, Құлеке батырлардың ерлік істерін жалғастырған.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2019
Жалынды жыршы Мұрат Мөңкеұлы, ел тарихында ерекше орны бар этнограф Мұхамбет-Салық Бабажанов, Алаш қайраткері Бақтыгерей Құлманов, көркем сөздің зергері Ығылман Шөрекұлы, мемлекет қайраткері, академик Салық Зиманов, белгілі жазушы-академик Зейнолла Қабдолов, әйгілі актер Нұрмұхан Жантөрин, заманымыздың заңғар тұлғасы атанған жазушы Әбіш Кекілбаев...
Аймақтар • 24 Сәуір, 2019
«Туған жердің түтіні де тәтті» дейді халқымыз. Анық-қанық әрі дәл айтылған сөз. Турасын айтсақ әділ баға. Мұны айтып отырғанымыз мынада: Мырзашөл деп аталатын кең байтақ жердің бір пұшпағы осы Жетісай ауданы. Мырзашөлдің етегі соноу Нұрата тауларына дейін жайылып жатыр. Сондықтан Мырзашөлдей тарихи атауы бар, Сырдариядай өзені, Шардарадай айдыны бар, климаты жылы, бау-бақшаға қолайлы жер Жетісай жер жәннаты емей немене?
Аймақтар • 24 Сәуір, 2019
Туризм бренді – түркілер өркениеті
Орталық Азиядағы көрнекті «Туризм және саяхат» халықаралық ХІХ KITF дәстүрлі көрмесінде әлемнің жиырмадан астам елінен келген үш жүзден аса компания өкілдері халықаралық туризм индустриясының жаңалықтарын көрсетіп, ықпалдастық мәселелерін ортаға салды.