Саясат • 28 Қараша, 2025
Ынтымақтастықты кеңейтуге ынталы
Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев бастаған Қазақстан делегациясы Ташкент қаласында өткен «Еуропалық одақ – Орталық Азия» үшінші экономикалық форумына қатысты.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Философиядағы іргелі пәндердің бірі – этика. Ол ұждан, адамгершілік, әдеп категориясымен түсіндіріледі. Адамның ойлау жүйесі таңдау алгоритміне негізделгендіктен, этикаға сай шешім қабылдау өмір сапасына тікелей әсер етеді. Интернетке әркімнің қолы жететін, цифрлық технологияның кернеуі күшейген заманда әркім медиатұтынушы әрі оны жасаушы бола алады. Сондықтан бірқатар ақпарат агенттігі аудитория мен ақшаны көптеп тарту үшін түйсігіне түнегеннің бәрін жасайды. Бұл қоғамдық дүрдараздыққа апаратын қауіпті құбылыс. Сол үшін масс медиада қызмет ететін мамандарға этикалық қағидаларды меңгеру, оны қызмет аясында қолдану маңызы арта түсті.
Саясат • 27 Қараша, 2025
Дәрігерге дөрекілік көрсеткендер қатаң жазаланады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар бірнеше жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдап, бірқатар кодекске түзетулер енгізді. Атап айтсақ, дәрігерлердің өмірі мен құқықтарын қорғауға арналған жаңа нормалар ұсынылды. Құрылыс кодексі қабылданып, жеке тұлғаның бір уақытта бірнеше банктен кредит ресімдеуіне шектеу енгізілді. Сондай-ақ төменгі палата депутаттары «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға Сенат енгізген түзетулермен келісіп, құжатты бекітті.
Digital • 27 Қараша, 2025
«Alem.Cloud» – өңірдегі ең ірі есептеу орталығы
Мемлекет басшысының ауқымды цифрландыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ұлттық суперкомпьютерлік кластер ресурстарын пайдалану бойынша өтінім беруге арналған «Alem.Cloud» платформасын таныстырды.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы 5 қараша күні «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл – тарихи маңызы бар құжат. Себебі бұрын-соңды елімізде ішкі саясаттың идеологиялық бағыты мен ұйымдастырушылық аясын анықтайтын жүйелі, біртұтас акт болған емес.