Руханият • 21 Қараша, 2025
Бұл 150 жылдан астам тарихы бар көне сурет – Көкпекті, Тарбағатай, Зайсан өңірлерінің төре-сұлтандары мен болыс, билерінің, сондай-ақ орыс-қазақ мектептерінде білім алған жастардың тарихи келбетін сақтаған құнды дерек.
Руханият • 21 Қараша, 2025
Жәңгір ханның Бөкейлік экономикасын дамыту үшін қолға алған бастамасының бірі – Хан ставкасындағы жәрмеңке еді. Бұл ХІХ ғасырдағы ірі сауда алаңының бірі болды.
Білім • 21 Қараша, 2025
Өзге салалармен қатар білім жүйесінде де бірталай жылдан бері түбегейлі өзгеріс, тың ізденіс, жаңаша бетбұрыс жүріп жатыр. Бүгінде мұғалімге қойылатын талап басқа. Ұстаз баланы жалаң жаттауға емес, пән мазмұнын жан-жақты зерделеп, оны өз қажетіне жаратып, ой-өрісін дамытуға бағыттай алуы керек. Жас өскіннің алғыр, адал, еңбекқор, елшіл болып қалыптасуы да көбіне-көп мектепке, ұстазға байланысты. Бүгінде Мемлекет басшысынан бастап, бүтіндей қоғам болып мұғалім мәселесіне баса мән беріп, оның мәртебесін биіктетуге, ұстаз адамның төрдегі орнын қайтарып беруге ұмтылыс жасалып жатқаны да осыдан болса керек.
Руханият • 21 Қараша, 2025
Қадыр ақынның жары Салтанат апайдан көлемді сұхбат алып болған соң, қайтуға сыртқа беттеп бара жаттым. Кенет, «сен де бірдеңе жазатын баласың ғой, ә?» деген жылы дауыс естілді. Жымиып «иә» деп жауап бердім. «Онда бері келші, ағаңның жазу кабинетіне кел», деді де ішке қарай қайта шақырды.
Руханият • 21 Қараша, 2025
Осы аптада Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Анкарадағы штаб-пәтерінің салтанат залында «Олжас Сүлейменов. Масштаб. Планета. Жер» атты халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.