Саясат • 01 Сәуір, 2026
Қазір өңірлерде инклюзивті спорт инфрақұрылымдары жеткіліксіз. Бұған қоса бейімді спорт саласында білікті кадрлар тапшы, қажетті бірыңғай тәсілдер мен жұмыс әдістемелері жоқ. Кеше Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің кезекті отырысында депутаттар осы мәселені көтерді. Олар салалық ұйымдардың сарапшыларымен бірлесіп, мүгедектігі бар балалар мен ересектерді оңалту жолында инклюзивті спортты дамытудың маңызын талқылады.
Аңдатпа • 01 Сәуір, 2026
3 сәуір - «Жусан иісі» Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» драмасы сахналанады. Режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.
Саясат • 01 Сәуір, 2026
Ғылым мен инновация – стратегиялық басымдық
Ел дамуының жаңа кезеңінде ғылым мен инновацияның маңызы бұрынғыдан да арта түсері анық. Бұл бағытты жүйелі түрде дамыту – мемлекеттің басты стратегиялық басымдықтарының біріне айналды. Олжас Бектенов төрағалық еткен Үкімет отырысында жаңа Конституцияда айқындалған елдің ұзақмерзімді даму бағдарымен сабақтас инновацияларды ілгерілету мәселесі жан-жақты қаралды.
Өнер • 01 Сәуір, 2026
Торғай ауылының тұрғыны Қарлығаш Нұридденқызы жылына бір кілем тоқиды. Зейнеткер өзі жасаған дүниелерін аудандық, облыстық деңгейдегі көрмелерге шығарып, кейінгі кезде кенжелеп қалған ұлттық өнерді көпшілікке дәріптеп жүр.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Қараағаш ауылындағы Жақыпбек ата әулетінің қара шаңырағындағы Зарина Қобланқызы есімді келін үйдің шаруасына да ширақ, әлеуметтік желіде де белсенді. Instagram парақшасында 40 мыңға жуық оқырманы бар. Әлеуметтік желіде ауылдың қым-қуыт тіршілігін, отбасы құндылығын, келін өмірінің қызық-шыжығын боямасыз көрсетеді.