Шымкент • 15 Қараша, 2025
Автотұраққа да арнайы ереже қажет
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға кеңес төрағасы Қайрат Акенов, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Шерзат Сүттібаев, палата қызметкерлері, кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.
Руханият • 15 Қараша, 2025
Терминография: бүгіні мен болашағы
Астана қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп «Терминография: теория, практика және даму бағыттары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Конференцияда сала мамандары терминологиялық жұмыстың теориялық және тәжірибелік аспектілерін талқылап, терминологиялық деректер қорын цифрландыру тетігін жетілдіру мен ұлттық терминқорды дамыту жолдарын айқындау мәселелерін талқылап, өз шешімдерін ұсынды. Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов төрағалық етті.
Шымкент • 15 Қараша, 2025
Озық ұлтқа айналудың тиімді жолы
Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Кітап оқитын ұлт» жобасының Шымкентте өткізілу барысы туралы» баспасөз конференциясы өтті. Онда «Кітап оқитын ұлт» жобасының Шымкент қалалық кеңсе жетекшісі Ақан Бесбаев пен Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығының директоры Шолпан Айтбаева аталған бастама туралы баяндады.
Аймақтар • 15 Қараша, 2025
Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында айтты. Іс-шара барысында сала үздіктері мен байланыс операторларының озық мамандары марапатталды.
Спорт • 15 Қараша, 2025
Бүгін Жапония астанасында XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары жалауын желбіретеді. Есту қабілетіне зақым келгендердің сайысында әлемнің 80 елінен 3 мыңға тарта қатысушы 21 спорт түрінен бақ сынайды. 26 қарашаға дейін Токио төрін дүбірге бөлейтін додада саңлақтарымыз спорттың сегіз түрінен сынға түседі.