Өнер • 01 Қараша, 2025
Республика күні мерекесінде «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы Камералық залы сахнасында «Қазақ киносының музыкасы» атты тамаша концерт өтті. Оған өнер ордасының Камералық оркестрі мен опера труппасының солистері қатысты.
Мирас • 01 Қараша, 2025
Шығыс Арал өңірінің археологиялық мұрасын зерделеу жөніндегі халықаралық жоба шеңберінде көп жылдан бері Кескенкүйік қалашығын зерттеу жүргізіліп келеді. Сырдарияның төменгі ағысында орын тепкен тарихи мекен туралы IX–X ғасырлардың географиялық деректерінде мол мәлімет бар.
Маман • 01 Қараша, 2025
Оқырманды таңғажайып әлемге жетелейтін кітапханашылар қауымының мәртебесі бүгінде арта түспесе, кеміген емес. Ғұмырының жартысынан астамын осы салаға арнап, оқырманның рухани қажетін өтеумен жүрген мамандық иелеріне құрмет те жоғары.
Әдебиет • 31 Қазан, 2025
Шығармашылық зертхана: Ғалым Жайлыбай өлеңді қалай жазады?
Шығармашылық зертхана туындының жазылу себебін, қаламгердің сол сәттегі көңіл ауанын, жазушы еңбегіне тән белгі-ерекшеліктерді арқау етеді. Бұл жолы біз ақын, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбайдың көркемдік кеңістігіне бойлайтын боламыз.
Аймақтар • 31 Қазан, 2025
Елдегі заң мен тәртіпті қалыптастырудың маңызды буыны – прокуратура. Бұған дейінгі жолдауларда прокуратураның жұмысын жандандыруға бағытталған міндеттер мен межелер аз болмады. Соның ішінде инвесторларды сүйемелдеу, отандық кәсіпкерлерді заңсыздықтан қорғау, азаптауларға тосқауыл қою, шетке кеткен активтерді елге қайтару сияқты қадау-қадау тапсырмалардың жүктеліп, ол бойынша іргелі істердің атқарылғанына жұртшылық куә. Ал биылғы жолдау Қазақстанды үш жыл ішінде цифрлық елге айналдыру міндетін жүктеп отыр. Осындай ауқымды жобадағы Прокуратураның рөлі қандай? Жалпы жасанды интеллект дәуірінде прокуратура қызметі қалай өзгермек? Көпшілік көңіліндегі көптеген сауалдарға Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевпен болған сұхбатта жауап іздеп көрген едік, деп жазады Egemen.kz.