Мирас • 29 Қазан, 2025
Тазы ұстау – аңшылықтың ғана емес, дәстүрлі өмір салтының ажырамас бір бөлігі. Қазақтың өмір салтына тән осы дәстүрді жандандыра отырып, елімізде қазақы ит тұқымдарын сақтау, сондай-ақ оларды халықаралық деңгейде таныту мәселесі кейінгі жылдары Президент тапсырмасымен қолға алынды. Тиісті заңдарға өзгерістер енгізілді. Тазы стандарты бекітіліп, қазіргі кезде ғылыми зерттеу іске аса бастады. Осы мақсатта асыл тұқымды иттердің байқаулары мен көрмелері тұрақты өтіп келеді.
Театр • 29 Қазан, 2025
Серке Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театрының қуыршақ труппасы 41-маусымын Г.Х.Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» спектаклінің премьерасымен ашты.
Тағзым • 29 Қазан, 2025
Абай университетінде Алаш арысы, тұңғыш математика оқулығының авторы Міржақып Дулатұлының есімін ұлықтау мақсатында М.Дулатұлы атындағы математика дәрісханасының тұсауы кесілді. Бұл тағылымды іс оқу орнының басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің бастамасымен жүзеге асқанын айта кету керек. Аудиторияның ашылуына еліміздің белгілі академиктері мен ғалымдары қатысты.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Ыстанбұлдың «Kamus» баспасынан жазушы Қайсар Әлімнің «Міржақып Дулатұлы» кітабы түрік тілінде басылып шықты. Тәржімені Ашур Өздемир жасады.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Қазанның қара дауылы әдеттегідей ұшы-қиыры шексіз де шетсіз орманды шайқап өтіп, қызылды-сары жапырақтарды сау еткізген. Мәңгі жасыл шыршаның піскен бүршіктері де сатырлап жерге түскен. Шашылған бүршік ертең-ақ жайқалған орманға айналады. Ол үшін орманшылар бүршіктерді бүгін жинап, арнайы тұқым бақтарға егеді.