Үкімет • 10 Қазан, 2025
Ішкі нарықты қорғайтын шешімдер
Үкіметте вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында ішкі нарықты қорғауға және орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге арналған бірнеше шешім қабылданды.
Қоғам • 10 Қазан, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында бір палаталы Парламентке көшу бастамасын ұсынып, мұндай реформа сарапшылар мен қоғам арасында жан-жақты талқылануы қажет деген еді. Осы мақсатта Еуразиялық интеграция институтының «Ашық саясат» сараптамалық клубы кезекті отырысын өткізді.
Республика күні • 10 Қазан, 2025
Егемендіктің еңку жолы: Декларация қалай қабылданды?
Публицистика – заман шежіресі. Бұл, бір жағынан, белгілі бір кезеңдегі саяси, әлеуметтік, мәдени және рухани құбылыстарды талдап, халыққа жеткізудің ең пәрменді құралы болса, екінші жағынан, кейінгі ұрпақ үшін өткен дәуірдің ақиқат аңысын паш ететін бұлтартпас тарихи дереккөз. Сарғайған газет тікпелерін парақтай отырып, ескі қоғамның естеліктері арқылы сол замана тынысын тап басып тануға болады.
Үкімет • 10 Қазан, 2025
Шекарадағы кептеліс реттелуге тиіс
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мемлекеттік органдар, Шекара қызметі, Сыртқы істер министрлігі, ІІМ Көші-қон қызметі комитеті басшыларының, шекара маңы өңірлері әкімдері орынбасарларының және Мәжіліс депутатының қатысуымен жедел кеңес өткізді. Жиында Ресей Федерациясына кіру кезіндегі өткізу пункттерінде жүк көліктерінің тұрып қалуы және бұл елде көші-қон заңнамасы жаңа нормаларының қолданылуына байланысты жүргізушілердің шағымы талқыланды.
Форум • 10 Қазан, 2025
«Taldau forum» – тұшымды пікірлер алаңы
Астанада Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен бірінші «Taldau forum: Analytics driving change» өтті. Іс-шара «Taldau community»-дің бес жылдығына орай ұйымдастырылды. Форум барысында «Why Nations prosper: Lessons for Central Asia» тақырыбына арналған панельдік сессия өтіп, оған Нобель сыйлығының лауреаты, Массачусетс технологиялық институтының профессоры, экономист Дарон Аджемоглу арнайы мейман ретінде қатысты.