Әдебиет • 08 Қазан, 2025
Биылғы Нобель әдебиет сыйлығын кім алады
9 қазан күні әлем жұртшылығы әдебиет саласындағы ең беделді марапат Нобель сыйлығының иегерінің есімін білмек. Бұл күнді жыл сайын әдебиетсүйер қауым асыға күтеді. Жеңімпаз 11 миллион швед кронын (шамамен 1,2 миллион АҚШ доллары) қалтасына салады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 08 Қазан, 2025
Халық ақшасын қайда аударып жатыр
Ұлттық банк 2025 жылдың алғашқы жарты жылындағы төлем жүйесіне қатысты есеп жариялады. Есепте отандастарымыздың қалай және қайда ақша аударатыны, банк қызметтерін қаншалықты пайдаланатыны туралы мәлімет берілген, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 08 Қазан, 2025
Еділ Жаңбыршин: «Кен орнын тапқан инвесторға оны игеру құқығы беріледі»
Елімізде геологиялық барлауға жаңа серпін беретін заң жобасы әзірленіп жатыр. Енді аз зерттелген аумақтарда пайдалы қазба тапқан инвесторға оны әрі қарай барлау және игеру құқығы заң жүзінде беріледі. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, бұл қадам бизнестің тәуекелін азайтып, ел экономикасына миллиардтаған доллар инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Мәселенің мәніне тереңдеу үшін, халық қалаулысының Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.
Саясат • 08 Қазан, 2025
Түркі елдері ортақ мүдде жолында күш жұмылдыруға тиіс
Әзербайжанның Габала қаласындағы Конгресс-орталықта Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммиті өтті. Айтулы саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев және байқаушы тараптардың басшылары қатысты.
Инфляция • 08 Қазан, 2025
Азық-түлік бағасы арзандады ма?
Инфляцияны тежеу мәселесіне арналған апталық кеңесте жыл соңына дейін инфляцияны тұрақтандыруға қатысты қабылданатын шаралар сөз болды. Бүгінде жылдық инфляцияның негізгі қозғаушысы ақылы қызметтер болып отыр. Қыркүйекте ақылы қызметтердің өсу қарқыны бәсеңдеп, тамыздағы 1,4%-бен салыстырғанда 1%-ға дейін төмендеген.