Аймақтар • 08 Қазан, 2025
Жамбыл аудандық мәдениет үйінде халқымыздың рухани қазынасын 500-ден астам музыкалық туындымен байытқан ұлы композитор, күйші Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойына орай «Ұлы даланың Нұрғисасы» атты халықаралық ақындар айтысы өтті. Шешенсөз иелері өзара сынға түсті. Бәсекелі айтыста «Хабар» агенттігінің жүргізушісі Мейірбек Сұлтанхан қарсыластарына дес бермеді. Ол алдымен қырғыздың айтыскер ақынынан басым түссе, ақтық сайыста Аспанбек Шұғатаевты шаң қаптырып, бас жүлдеге тігілген темір тұлпарды тақымдады.
Қаржы • 07 Қазан, 2025
Цифрлық активтер қоры: Инфляциядан сақтайтын игілік
Әлемде қаржы жүйесі тез өзгеріп жатыр. Дамыған елдер ұлттық цифрлық валюта шығарып, қор жинау үдерісін де бастап кетті. Еліміз де осы жолды таңдап, цифрлық активтер экожүйесін құруды жоспарлап отыр. Осы орайда Президент Жолдауда Мемлекеттік цифрлық активтер қорын құруды тапсырды. Оны Ұлттық банк басқармақ.
Заң мен Тәртіп • 07 Қазан, 2025
Киберқауіпке қарсы тұрудың қоғамдық жауапкершілігі
Қазір әлемде кибералаяқтық – ең жылдам өршіп келе жатқан қылмыс түрлерінің бірі. Қазақстанда да бұл қауіп күрделеніп, сан қырлы сипатқа ие болды. Қоғамға цифрлық технологиялар тереңдеп енген сайын сол кеңістікте жымысқы әрекет ететін алаяқтар да жаңарып, өзгере бастады. Қолындағы барынан айырылып, несиеге белшесінен батып, сан соғып қалған жандардың қатары жыл сайын артып келеді.
Инвестиция • 07 Қазан, 2025
Негізгі капиталға салынатын инвестиция көбейеді
Ұлттық экономика министрлігі жанындағы cараптамалық кеңестің отырысында ел экономикасы өсімінің жаңа проактивті саясаты қаралды. Мұнда Үкіметтің басты мақсаты – 2029 жылға қарай елдегі жалпы ішкі өнімді екі есе арттырып, 450 млрд долларға дейін жеткізу.
Банк • 07 Қазан, 2025
Банктер экономикаға қаржы құюға неге енжар?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда банктерге бос қаржы қаңтарылмай, ел ісіне жұмсалсын, өндіріс пен кәсіп өрісін кеңейтсін деп сәлем жолдады. Бірақ бүгінгі банктердің қалыбы бөлек. Нақты секторға несие беруден именеді. Халықаралық зерттеулерге үңілсек, бұл мәселе тіптен айқын көрінеді. Дүниежүзілік банктің зерттеуінде еліміз банк кредиті көлемі жағынан табысы ортадан төмен елдердің деңгейінде қалып отыр. Мәселен, Қытайда жеке секторға берілген несие ІЖӨ-нің 161%-ына тең, Малайзияда бұл көрсеткіш 120%-дан асады, Таиландта 116%-ды құрайды. Ал Қазақстан 178 елдің ішінде небәрі 116-орында тұр.