Басылым • 02 Қазан, 2025
Балалар әдебиетінің қазынасы жаңа бір көркем кітаппен толықты. Оның авторы, белгілі жазушы Толымбек Әбдірайым. Жинақ – «Құс ұясы» деп аталады.
Аймақтар • 02 Қазан, 2025
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Аязбаева Қазақстан кітапханалары одағының шешімімен «Жыл кітапханашысы – 2025» аталымына ие болды.
Тарих • 01 Қазан, 2025
Мәншүк Мәметованың ата-анасының суреті жарияланды
Ғұмыры кербестінің кекіліндей қысқа болғанмен, ерлігімен еліне нұсқа бола білген қазақтың қаһарман қызы – Мәншүк Мәметова. Отанын оқтан қорғап небәрі 21 жасында опат болған қаршадай қыздың тағдыр тауаны тістескен тамыр сияқты шытырман һәм шырғалаң. Ұлттық баспасөз батыр Мәншүкті назарынан тыс қалдырған емес. Соның ішінде ел газеті «Egemen Qazaqstan» пулеметші қызға қатысты тың деректерді тұрақты жариялап тұрды. Басылым тігінділерін ақтарып отырып 1992 жылдың 6 маусымында шыққан нөмірге көзіміз түсті. Құнды мұра құмсағат уақыттың құрсауында құмығып қалмас үшін, жазылған жайдың жаңғырығы ретінде оқырман назарына қайта ұсындық.
Саясат • 01 Қазан, 2025
ЕКПА ел реформаларын жоғары бағалады
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан демократиялық реформалардың іске асырылу барысы талқыланды. Франция Республикасына сапары аясында Палата спикері ЕКПА төрағасы Теодорос Русопулоспен, ЕКПА-ның Қазақстан бойынша баяндамашысы Жолт Неметпен, ЕКПА-ның Саяси мәселелер және демократия жөніндегі комитетінің Төрағасы Бертран Буикспен және Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсемен кездесті. Сондай-ақ «Қазақстанның өркендеу жолы: демократиялық реформалар және парламенттік дипломатия арқылы бірлік» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Саясат • 01 Қазан, 2025
«Google»-мен ынтымақтастықтың берері мол
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Израиль, Түркия, Орталық Азия мен Кавказдағы мемлекеттік саясат мәселелері және мемлекеттік органдармен өзара байланыс бойынша «Google» компаниясының өңірлік директоры Ноа Лоффлермен кездесу өткізді.