Үкімет • 24 Қыркүйек, 2025
Экономикалық өсім барлық секторда байқалады
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы өтті. Жиында биылғы тоғыз айдағы негізгі салалардың экономикалық өсуінің алдын ала қорытындылары талқыланды.
Алматы • 24 Қыркүйек, 2025
Қазақ мәдениеті мен өнерінде Алматының орны ерекше. Бүгінде қала күні халықтың атаулы мерекесіне айналды. Осыған орай, «Kaspi.kz» пен «OYU» жобасы алматылықтарға қала күніне арнайы сыйлық жасады. Атап айтқанда, бұл – M’DEE, Orynkhan және Роза Рымбаеваның орындауындағы жаңа «Гүл Алматы» трегі.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2025
Нашақорлыққа қарсы күрес қарқынды
Астана қаласында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Оған мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
Заң мен Тәртіп • 24 Қыркүйек, 2025
Алматы қалалық Әділет департаменті 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында жүргізілген бақылау, қадағалау жұмыстарының қорытындысын жариялады. Тексеру барысында нотариус, адвокат, құқықтық кеңес берушілердің әрекеті мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасы басты назарда болған. Статистика бақылаудың күшейіп, азаматтардың шағымдары белсенді түрде қаралып, заңды белден басудың жолы кесіле бастағанын көрсетеді.
Өндіріс • 24 Қыркүйек, 2025
Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Ықыластемір елді мекенінде «Altyn land» ЖШС-нің автоматтандырылған қыш зауыты іске қосылды. Нысан жеке кәсіпкердің қаражаты есебінен салынған. Жоба құны – 2,3 млрд теңге. Өткен жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмысы биыл тамызда аяқталған. Жылына 90 млн дана кірпіш шығаратын зауытта 120 жаңа жұмыс орны ашылды.