Саясат • 11 Қыркүйек, 2025
Қазақстан – Конго Демократиялық Республикасы: Тиімді серіктестіктің жауапты кезеңі
Кеше елордамызға Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келіп, Ақордада ресми қарсы алу рәсімі өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди бір-біріне делегация мүшелерін таныстырып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің әнұраны орындалды. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына өтті.
Үкімет • 11 Қыркүйек, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен Цифрлық штабтың отырысы өтті. Онда тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма жүктелді. Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында қойған міндеттерге назар аударылды.
Саясат • 11 Қыркүйек, 2025
Қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі
Пәкістан тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Пәкістан Ислам Республикасына ресми сапармен барды. Делегация құрамында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев және мемлекеттік, квазимемлекеттік сектор өкілдері болды.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2025
Елордадағы Президенттік орталықта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауын сараптамалық талқылауға арналған жиын өтті.
Пікір • 11 Қыркүйек, 2025
Саяси жүйе тұрақтылығының кепілі
Елімізде парламенттік құрылымның партиялық негізде қалыптасуы әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың негізі ретінде маңызды. Дегенмен Қазақстан транзиттік даму кезеңінде болғандықтан, оның үстіне саяси институттар мен азаматтардың демократиялық мәдениеті әлі толық қалыптасып үлгермегендіктен, партияларға мүше емес азаматтар құқықтарының қорғалу мәселесі – өзекті және назар аударуды талап ететін тақырып.