Мирас • 11 Қыркүйек, 2025
Қазақ халқының басқа жұрттан бір артықшылығы – құсбегілік өнері. Яғни аспан серісі бүркітті қолға қондырып, онымен алпыс екі айлалы жер тағысы қу түлкіні шеңгелдеу нағыз шеберлік емес пе? Төл табиғатпен біте қайнасып бірге өскен бабаларымыз дала сермендесі аң мен құстың жайын жақсы білген.
Технология • 11 Қыркүйек, 2025
Apple компаниясы биылғы күзгі таныстырылымында жаңа өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Жыл сайынғы дәстүрге айналған жиында компания «iPhone 17» желісін, «Apple Watch», яғни ақылды сағаттың жаңартылған нұсқасын және «AirPods Pro 3» құлаққаптарын таныстырды.
Көрме • 11 Қыркүйек, 2025
Астанадағы Президенттік орталықта танымал суретші, өнертанушы және дизайнер Анар Әубәкірдің «Абай толқынында» атты жеке көрмесі ашылды. Іс-шара ұлы ойшылдың 180 жылдығына арналды.
Digital • 10 Қыркүйек, 2025
Ақылды қала: мүмкіндіктер мен шектеулер
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Алатау қаласын заманауи цифрлы орталыққа айналдыру жөнінде бастама көтерді. Бұл тұжырымдама ғылыми ортада кеңінен талқыланып отырған «смарт қала» моделіне сәйкес келеді. Мұндай шаһарларда жаңа технологиялар көлік жүйесін жеңілдетіп, энергияны үнемдеумен ғана шектелмейді, сонымен бірге адамдардың күнделікті өміріне де ықпал етеді. Айталық қауіпсіздік күшейеді, қызметтер қолжетімді бола түседі. Бірақ бұнымен қатар құпиялылық пен әлеуметтік теңсіздік сияқты жаңа мәселелер де күн тәртібіне көтерілуі мүмкін. Сондықтан цифрлы қаланың шынайы мүмкіндіктерін, оның қоғамға беретін пайдасы мен тудыратын қатерлерін зерделеп көрдік.
Пікір • 10 Қыркүйек, 2025
Жастарға жауапкершілік жүктеледі
Әрбір Жолдау – ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды құжат. Оның негізінде нақты іске асатын жауапкершілік жүктелген міндеттер мен бастамалар жатыр. Сондықтан жыл сайынғы Жолдауды ұйым мүшелерімен және рухтас әріптестерімізбен бірге жаңа саяси кезеңге жасалатын жоспарлар мен басым бағыттарды айқындайтын маңызды қадам ретінде қабылдаймыз.