Ғалам ғажаптары • 10 Қыркүйек, 2025
Біз көбіне Жердің «өкпесі» деп ормандарды атаймыз. Алайда ғылым деректері басқа ақиқатты көрсетіп отыр. Ғаламдық атмосферадағы оттегінің 50–80 пайызы орманнан емес, теңіз түбінде тіршілік ететін микроорганизмдер мен балдырлардан өндіріледі.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2025
Жаңалыққа жеткенше жүйкең тозады
Аңғал батыр ауылының ақсақалдары ел газеті – «Егеменге» арыз-шағымдарын айтып арнайы хат жолдапты. Ондаған адам қол қойған, ел мұңын арқалаған хат мазмұнын жалғыз ауыз сөзбен түйіндесек, жандарына бататыны – жол жайы.
Шаруашылық • 10 Қыркүйек, 2025
Жалағаш ауданындағы Жүргенов ауылында «Дала күні – 2025» іс-шарасы өтіп, онда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов күрішке алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты. Ел несібесінің қамбаға құйылар сәті бастау алған жиында ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі ұйымдастырылып, еңбеккер жұрттың тыныс-тіршілігін бейнелейтін қойылымдар көрсетілді.
Ғалам ғажаптары • 10 Қыркүйек, 2025
Ғалымдардың айтуынша, Жердің өз осінен айналу жылдамдығы біртіндеп баяулап жатыр. Бұл құбылыс бірден біліне қоймаса да, оның әсері ұзақ уақыттан кейін анық сезіледі.
Таным • 10 Қыркүйек, 2025
Қазақ «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш...», дейді. Осы бір мәтелден-ақ ұлтымыздың кеңдігін, мәрттігін көруге болар. Тереңіне үңілсең, әрқилы түсінікке, парасат-пайымға жетелейтін бұл нақылдың негізгі өзегінде алдыңа кінәсін мойындап, басын иіп кешірім сұрай келгенге бар мүмкіндігінше, өзіңе ауыр тисе де, жүрегің қаламаса да кешірім беруге тырыс, кеңдік жаса деген ишарат, талап, өтініш жатыр. Ал мұның арғы астарында ауызбірлікке, татулыққа үндеу, бірлікті бекемдеу, ағайын арасын алыстатпау сынды ізгі мақсат, тілек менмұндалайды. Қош, солай делік. Ал кінәлі өз айыбын білмесе, айыпкер бола тұра алдыңа келмесе ше?..