Ата заң • 30 Тамыз, 2025
Азамат құқығы – айрықша бақылауда
Конституциялық соттың құрылуы еліміздегі құқықтық мемлекет қағидатын нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде төл тарихымызға жазылды. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз жұмысын бастаған бұл орган еліміздің демократиялық дамуы мен құқық үстемдігін қамтамасыз етуде айрықша рөлге ие болып келеді, мұның мақсат-мұраты да осы еді.
Қоғам • 30 Тамыз, 2025
Мәні ерекше халықаралық конференция
Астанада «Конституция және мемлекеттілік: Құқық пен болашақ диалогі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конституцияның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға Ресей, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Тайвань елдерінің өкілдері де қатысты.
Ата заң • 30 Тамыз, 2025
Бүгін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік әрі зайырлы мемлекетіміздің заңдық негізі – Конституциямыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 90-жылдардың аласапыранында күшіне еніп, қоғамдық бірлік пен тұтастыққа қызмет еткен бас құжатқа әр кезеңде уақыт талабына сай толықтырулар мен өзгертулер енгізілгені белгілі. Соның ең соңғысы әрі маңыздысы – 2022 жылы жалпыұлттық референдум арқылы өткен конституциялық реформа.
Ата заң • 30 Тамыз, 2025
Конституция құндылығын қорғау – ортақ міндет
Осыдан отыз жыл бұрын 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда өтіп, еліміз үшін тарихи мәні зор Қазақстан Конституциясы қабылданды. Содан бері Конституциямыз тәуелсіздігін жаңа алған жас мемлекеттің жаңа белестерге көтерілуіне, дүниежүзілік стандарттар мен демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет қағидаттарына негізделген қоғамдық басқару жүйесіне біртіндеп көшуіне жол ашты.
Пікір • 30 Тамыз, 2025
Заң мен тәртіп – басты ұстаным
Елордада Мемлекет басшысының қатысуымен Конституцияның 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Мерейтой қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев өткенге көз жүгіртіп, Ата заңның жүріп өткен жолын сараптап, тарихи белестерге жеке тоқталды. Сонымен қатар халқымыз үшін аса маңызды іргелі шешімдер қалай қабылданғаны жөнінде жаңаша қырынан тарқатып айтып берді. Президенттің бүгінгі сөйлеген сөзінің ерекшелігі – тың ойлар мен тың деректер көп айтылды.