Ғалам ғажаптары • 29 Тамыз, 2025
Өсімдіктер күн сәулесін пайдаланып, көмірқышқыл газын қант молекулаларына айналдырады. Бұл – фотосинтез деп аталатын, бүкіл тіршіліктің негізін құрайтын ғажайып үдеріс. Швейцария ғалымдары осы құбылысты зерттей отырып, ерекше жаңа молекула жасап шығарды.
Технология • 28 Тамыз, 2025
Телефон сәулесі денсаулыққа қалай әсер етеді?
Кейінгі жылдары телефон мен түрлі гаджеттерсіз өмірді елестету мүмкін емес. Әр адамның қолында кем дегенде бір смартфон бар, ал кей отбасында бірнешеуінен қатар жүреді. Бұған қоса әрбір шағын аудан мен қалада сымсыз желілер орнатылған. Бірақ техника көбейген сайын оның адам ағзасына тигізетін ықпалы туралы сұрақ та жиілеп отыр. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті арнайы түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 28 Тамыз, 2025
Солтүстік Корея ядролық қарудан неге бас тартпай отыр
2018 жылы Сингапурда өткен Дональд Трамп пен Ким Чен Ын арасындағы тарихи саммит сол кезеңде бүкіл әлемге үміт сыйлаған болатын. Кездесуден кейін тараптар Корея түбегін ядролық қарусыздандыруға бағытталған бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Әлемдік ақпарат құралдары бұл сәтті «дүрдараздықтан диалогқа бетбұрыс» деп бағалады. Алайда араға жеті жыл салып, бұл құжаттың тек қағаз жүзінде қалғаны айқындалды. Солтүстік Корея ядролық арсеналдан бас тартуға дайын еместігін ғана емес, оны барынша нығайтуға талпынып отырғанын бүгінгі ахуал көрсетіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Тамыз, 2025
Металлургиялық кластерді дамыту міндеті
Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев тау-кен металлургия кешенін дамытуға қатысты Үкіметке нақты міндеттер жүктеген еді. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті.
Саясат • 28 Тамыз, 2025
Қазақстан-Иордания: Сенім мен ынтымақтастықтың жаңа кезеңі
Ақордада Мемлекет басшысы елімізге ресми сапармен келген Иордания Королін қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен ІІ Абдалла бен әл-Хусейн бір-біріне делегация мүшелерін таныстырған соң, Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін келіссөз өтті.