Заң мен Тәртіп • 07 Тамыз, 2025
Бүгінде еліміздің шалғайдағы елді мекенінде 1500 «Құқық кабинеті» ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асырылған бастама жергілікті тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруды көздейді. Осыған орай елімізде осы бағытта тағы қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын шолып шыққан едік.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 07 Тамыз, 2025
Жұмысшы мамандықтарына қолдау көрсетеді
2025 жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Жұмысшы мамандықтарының жылы» болып жарияланды. Бұл бастама «Интергаз Орталық Азия» АҚ (ИОА АҚ) («QazaqGaz» ҰК» АҚ құрамына кіреді) үшін жай ғана немқұрайлылық емес, қызметкерлердің еңбек және өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған нақты іс-шаралар бағдарламасы. «Адам – компанияның басты құндылығы. Оларға қамқорлық жасау – ұран емес, оң стратегия», – дейді ИОА компаниясында.
Энергетика • 07 Тамыз, 2025
Әр желі – елдің стратегиялық тірегі
Елдегі энергетика жүйесі – тіршіліктің тамыры іспеттес. Энергетикаға мемлекеттік тұрғыда мән берілетіні де сондықтан. Көршілес мемлекеттерге тәуелді болмай, жарықтың самаладай жарқырап тұруының астарында мыңдаған энергетиктің зор еңбегі тұр. Қазіргі уақытта «KEGOC» энергетиктері ауа райының түрлі тосын мінезіне қарамастан алдағы қыс маусымына дайындық жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр.
Өндіріс • 07 Тамыз, 2025
Арнайы техникаға сұраныс артты
Өңірдегі жер қойнауын пайдаланушы компания өкілдері Ақтөбедегі арнаулы техника шығаруға маманданған «Truck Center» кәсіпорнының жұмысымен танысты. Жылына 300-ден астам көлік құрастырып, сатылымға шығарып отырған кәсіпорын өнімдері индустриялық және сапа сәйкестігі сертификаттарымен расталған.
Есірткі • 07 Тамыз, 2025
Есірткі саудалаған 6 мыңнан аса сайт бұғатталды
Жыл басынан бері Бас прокуратура құқық қорғау органдарымен бірге құны 2,3 млрд теңгеден асатын 98 мыңнан аса есірткі шотын бұғаттады. Сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіретін 21 зертхана, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 125 фактісі анықталып, жойылған.