Экономика • 01 Тамыз, 2025
Рейтингі жоғары компанияға неге ренжиміз?
Іркес-тіркес вагон доңғалақтарының шойын жолға табан төсеп, зымырап беруі қаншалықты оңай болғанымен, осы салаға жауапты мекемелердің заулап бара жатқан пойыз қозғалысын реттеуі, ондағы баға мен сервисті қолайлы етуі соншалықты қиынға соғады. Қыс болса уақытынан сағаттап кешіккен отарбаны сарыла күткен, жаз болса билет таппай, тапса да тоқты-торымның пұлын бір-ақ төлеп сапырылысқан жұрт. Таяуда «Қазақстан темір жолы» ресми сайтынан билет іздегенде бағаның шарықтап тұрғанына тағы куә болдық. Мәселен, Астана қаласынан Шу қаласына жету үшін бір адам купе-вагонның үстіңгі орнына 30 мың теңге төлеуі керек. Отбасымен аттанса, бір бағыттық шығын 100-120 мыңға айналады.
Білім • 01 Тамыз, 2025
Ертіс-Баянда ұлылардың ғылыми-ағартушылық мектебі бар
Кең-байтақ қазақ даласының төрт құбыласының бірі болған Ертіс-Баян өңірінде ғылым мен білімнің, мәдениет пен руханияттың сарқылмас кені бар деп нық сеніммен айта аламын. Бұл жерде сонау ХІХ ғасырда өмір сүріп, халқына адал қызмет еткен әйгілі ағартушы Мұса Шорманұлының қалыптастырған ғылыми-ағартушылық мектебі бүгінгі буынмен жалғасып жатыр. Сондай-ақ бұл қазақ ғылымының шамын жаққан әйгілі Қаныш Сәтбаев, қазақ археологиясының негізін салған Әлкей Марғұлан, қараңғы қазаққа күн болып келген Сұлтанмахмұт Торайғыров, ұлтының шамшырағына айналған алғашқы ұстаздардың бірі Әбікей Сәтбаев сынды тұлғалардың ізі қалған киелі мекен.
Қоғам • 01 Тамыз, 2025
ЛГБТ насихатының салдары қандай?
Астана қаласында ғылым және сарапшылар қауымдастықтарының өкілдері қоғамдағы ЛГБТ насихатының кәмелетке толмаған азаматтарға ықпалын талқылады. Осы мақсатта елімізде арнайы зерттеу жүргізілген еді.
Университет • 01 Тамыз, 2025
Италия университетінің Жетісудағы филиалы
Өңірде аграрлық білім мен ғылымның жаңа кезеңі басталғандай. Неге десеңіз, білім қуған жастарға шетелдік жоғары оқу орындарында тәжірибе алмасуға мүмкіндік мол. Осы ретте Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде халықаралық білім саласында тарихи оқиға болды. Тұңғыш рет облыс орталығында Италияның Марке политехникалық университетінің (Marche Polytechnic University) филиалы ашылды.
Қоғам • 01 Тамыз, 2025
Замана қабағын баққан данышпан Абай жырлары уақыт сырғыған сайын құнары артып, ойлы ұрпақтың ұранына айналып отыр.